Бәйтерек ауданының Мичурин ауылында көпқабатты тұрғын үй салынып жатқан алаңда мұнаралы кран құлады. Кран машинисі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды SONA.KZ Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Оқиға 7 қараша күні түске дейін болған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеушілер кранның не себепті құлағанын және жұмысшының қаза табу мән-жайын анықтап жатыр. Полиция хабарламасында құрылысты жүргізіп жатқан компанияның атауы көрсетілмеген.




