Жетісу облысында 10 қарашада 31 жастағы ана төрт ұлымен бірге ауруханадан шықты. Сәбилерге Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан есімдері берілді, деп хабарлайды SONA.KZ Syrmedia.kz басылымына сілтеме жасап.
Төртем 24 қыркүйекте, жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келген. Шала туған сәбилер бір айдан астам уақыт дәрігерлердің бақылауында болды.
Енді отбасында жеті бала бар. Анасы үлкен балаларын сағынғанын, бүкіл отбасы үйде бас қосатын сәтті күтіп жүргенін айтты.




