Полиция қылмыстық іс қозғады. Threads-тегі жазба авторының айтуынша, жігіт екі қызға араша түскен кезде жараланған.
Қызылордада Нұралла есімді жігітке жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызылорда облысының полиция департаменті қаланың 42 жастағы тұрғыны оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы SONA.KZ HALYQSTAN арнасының жаңартылған ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде не айтылды?
Threads-тегі жазба авторының айтуынша, оқиға 20 қараша күні кешке Құлагер ауданында болған. Автордың сөзінше, ер адам мекемеден шығып, екі қызға тиіскен. Нұралла оларға араша түскен кезде пышақ жарақатын алған. Кейін жазба авторы жігіттің есін жиғанын хабарлады.
Полиция не мәлімдеді?
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын және күдіктінің ұсталғанын растады. HALYQSTAN келтірген полиция түсініктемесінде шабуылдың алдында не болғаны айтылмаған. Тергеу жалғасып жатыр.




