Бүгін Қарасай ауданындағы Жармұхамбет ауылының тұрғындары, 22 жастағы егіз Қайсарқызы Казина мен Қайсарқызы Қазиза №501 сайлау учаскесіне бірге келіп, мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады. Қос бойжеткен елдегі маңызды саяси науқандарға үнемі қатысып, азаматтық құқықтарын бірге пайдаланып келеді. Бұл жолы да олар сайлау учаскесіне қатар келіп, өз таңдауларын жасады.
«Біз үшін бүгінгі күннің маңызы зор. Егіз болсақ та, әрқайсымыздың өз таңдауымыз бар. Ең бастысы, өңіріміздің, ауданымыздың дамуына үлес қосатын, халықтың мүддесін қорғайтын азаматтар сайланса екен дейміз. Жастар да сайлауға белсенді қатысып, өз пікірін білдіруі керек деп ойлаймын», – дейді Қазына.
Айта кетейік, елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Бүгін Алматы облысында 1 056 474 адам өз таңдауын жасай алады, оның ішінде кәмілет жасына толған 8 296 азамат алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болды. Айта кетейік, өңірде таңғы 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.




