Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Спорттағы жетістіктен – азаматтық белсенділікке: Алматы облысының спортшылары мәслихат сайлауында дауыс берді

Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген Алматы облысының спортшылары мәслихат сайлауында өз таңдауын жасады

Жандос Жантаев
29 Қараша, 2026
Жаңалықтар
A A
Спорттағы жетістіктен – азаматтық белсенділікке: Алматы облысының спортшылары мәслихат сайлауында дауыс берді
WhatsappTelegram

Олардың айтуынша, бұл саладағы жинақылық, жауапкершілік және нақты нәтижеге ұмтылу сияқты дағдылар туған еліміздің тағдыры айқындалар тұста да аса қажет.

Мәселен, Шонжы ауылындағы №923 сайлау учаскесінде бір топ спортшы бірге келіп, дауыс берді.

*«Спортта әр басқан қадамың мен оның нәтижесіне жауап бересің. Өмірде де дәл солай. Сондықтан мұндай айтулы сәттен сырт қалуға болмайды»,*– деді Ұйғыр ауданы спорт қауымдастығының өкілдері.

Азаматтық міндетін атқарған спортшылардың арасында қазақстандық марафоншы, жеңіл атлетика және шаңғы спортының жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Алпыс Ермағамбетов те бар. Ол Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді.

*«Сайлау – әрбір азаматтың қоғам өміріне араласып, өз пікірін білдірудің таптырмас мүмкіндігі. Спорт саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде жастарды белсенділікке, жауапкершілікке және саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын»*, – деген 80 жастағы ақсақал өз ісімен жастарға үлгі көрсетті.

Маңызды қоғамдық-саяси науқаннан джиу-джитсудан әлем чемпионы Муслим Арсамақов та шет қалмады.

*«Мен үшін спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізуден бөлек, жауапты азамат болу да зор маңызға ие. Себебі Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда. Жастар мемлекетіміздегі маңызды жайттарға етене араласып, қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуы керек деп есептеймін»*, – деді Муслим Арсамақов.

Дауыс беруге келгендердің қатарында ауыр атлетика спортшысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Жантас Тұрмағанбетов, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің бірнеше дүркін жүлдегері Руслан Әбдіразақов, бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнуллинов, дзюдошылар Диана Буркеева мен Арман Мыса және өзге де спортшылар болды.

Осылайша Алматы облысының спорт майталмандары туған елге деген махаббатты жарыс алаңында ғана емес, ел болашағы шешілер айтулы сәтте белсенділік таныту арқылы тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларспорт
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В Алматинской области сёстры-близнецы вместе проголосовали на выборах в маслихат

Алматы облысында егіздер мәслихат сайлауында бірге дауыс берді

Жандос Жантаев
29 Қараша, 2026

Бүгін Қарасай ауданындағы Жармұхамбет ауылының тұрғындары, 22 жастағы егіз Қайсарқызы Казина мен Қайсарқызы Қазиза №501 сайлау учаскесіне...

Алматы облысында соғыс ардагерлері мен ғасыр жасаған қариялар дауыс берді

Алматы облысында соғыс ардагерлері мен ғасыр жасаған қариялар дауыс берді

Жандос Жантаев
29 Қараша, 2026

Жасы мен денсаулығына байланысты кейбірі үйден дауыс берсе, енді бірі сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады....

На выборах в маслихаты к 14:00 проголосовали 45,46% избирателей

Мәслихат сайлауында сағат 14:00-ге дейін сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді

Жандос Жантаев
29 Қараша, 2026

29 қарашада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында сағат 14:00-ге дейін тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді....

Алматы облысында қолөнер шеберлері мәслихат сайлауында дауыс берді

Алматы облысында қолөнер шеберлері мәслихат сайлауында дауыс берді

Жандос Жантаев
29 Қараша, 2026

Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылында Дәркембаевтар әулеті учаскеге келіп, бірге дауыс берді. Бұл сәт қандай салада қызмет атқармасын,...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz