Астана Халықаралық университеті 2025 жылғы Times Higher Education әлемдік университеттер рейтингіне енді. Бұл рейтинг 2024 жылдың 9 қазанында жарияланды.
Соған сәйкес, оқу орны 120 қазақстандық университет арасында ТОП-23 тізіміне енді.
Университет рейтингте «reporter» статусына ие болды. Бұл статус оқу орнының оқыту, ғылыми зерттеулер, әлемдік перспективалар және өнеркәсіппен байланыс салаларындағы тиімділігін бағалайтын 18 негізгі көрсеткіш бойынша деректерді ұсынғанын білдіреді.
Айта кетейік, AIU 2018 жылы құрылған. Оқу орны президенті Серік Ирсалиевтің сөзінше, бұл жетістік университеттің білім сапасы, жаһандық серіктестік және ғылыми жаңашылдық бағытындағы ұстанымын айқындайды.
Айта кетейік, университет 10 000-нан астам студентке білім береді және 5 жоғары мектеп пен 1 институт аясында кең білім беру бағдарламаларын ұсынады.