Елімізде жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыратын қазақстандықтар 2 факторлы аутентификациядан өтеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, екі факторлы аутентификация дегеніміз қолданушының 2 түрлі әдіспен өзін-өзі растауы:
SMS хабарлама;
Биометриялық сәйкестендіру арқылы.
Тестен өтпес бұрын жүргізуші куәлігіне үміткерге 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. SMS қолданушының электронды үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі, — деп жазылған хабарламада.
Авторизация сәтті болса, қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.
Бүгіннен бастап жаңа бастама елордада енгізілді. Жыл соңына дейін бастама қалған өңірлерде де енгізіледі деп жоспарланып отыр.