Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Қазақастан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде жатыр.

Есептік қарқындылығы:

Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы –2 балл;

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл.

– Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.