Алты жылға сотталған актер Асқар Жұмабек абақтыдан босады

Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, сотталған Асқар Жұмабек бостандыққа шықты. Сол кезде ол 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Өнер иесі досына араша түсемін деп осы жағдайға ұрынған еді.

«Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!», – деп жазды актер.

Желі қолданушылары кино жұлдызының аман-есен босап шыққанына құттықтау-тілек жазып жатыр.