Ақмола облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды

Ақмола облысында сотталғанның хабарлауымен қару-жарақ жасырылған жасырын орын анықталды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

Аршалы ауданында жазасын өтеп жатқан сотталғанмен құпия әңгіме барысында қару жасырылғаны туралы ақпарат алынған. Тексеру кезінде Астана – Қарағанды автожолы бойында, Шоптыколь ауылы маңынан әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер мен атыс қарулары тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, арсенал шетелден әкелінген, себебі мұндай қарулар Қазақстан әскері қару-жарағында жоқ.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.