Астанада 156 млн теңгенің зергерлік бұйымын ұрлаған күдікті Стамбулда ұсталды

Астанадағы зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған 33 жастағы Қазақстан азаматы Стамбул қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап .

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Интерполдың Қазақстандағы Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қолға түскен.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін әйел Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, жалпы құны 156 млн теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды жасырын түрде ұрлаған.

Министрлік 27 қарашада Түркия құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынғанын хабарлады.