Метка: Стамбул

  • Астанада 156 млн теңгенің зергерлік бұйымын ұрлаған күдікті Стамбулда ұсталды

    Астанада 156 млн теңгенің зергерлік бұйымын ұрлаған күдікті Стамбулда ұсталды

    Астанадағы зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған 33 жастағы Қазақстан азаматы Стамбул қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап .

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Интерполдың Қазақстандағы Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қолға түскен.

    Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін әйел Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, жалпы құны 156 млн теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды жасырын түрде ұрлаған.

    Министрлік 27 қарашада Түркия құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынғанын хабарлады.

  • Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы көз жұмды

    Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы көз жұмды

    Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығы Telegram каналында жазды.

    «2025 жылы 23 сәуірде Ыстанбұлда тұратын жерлесіміз жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Бастапқы мәліметке қарағанда бұл қайғылы оқиға Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабатта болған азаматтың қатты үрейге салынуы салдарынан болған», — деп жазылған хабарламада.

    Өзбекстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның денесін отанына жөнелту үшін қажетті консулдық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды.

    Еске салайық, сәрсенбі күні Ыстанбұл қаласының маңында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.