Астанадағы LRT жобасының жартысы аяқталды: іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған ⠀

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылыс жұмыстарының жартысынан көбі аяқталды. Бұл туралы Sona.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан темір жолы құрылыс» компаниясының мәліметінше, бүгінде жобаның 50%-дан астамы дайын:
– 300 мың шаршы метрден астам жол төсемі салынды,
– тірек бағандары мен негізгі конструкциялар орнатылды,
– инженерлік жүйелер жүргізілуде.

Болашақ желінің сұлбасы анық көріне бастады. Кейбір учаскелерде сынақ жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс кезінде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ерекше назар аударылуда.

2026 жылға қарай LRT толық іске қосылып, елордадағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді, жолаушылардың жолда өткізетін уақытын қысқартады деп күтілуде.

Бұл жоба ұлттық көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары аясында жүзеге асып жатыр және қала үшін басым бағыттардың бірі саналады.