Автор: Аяла Тұрсын

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

    Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Бұл жөнінде ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

    Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

    Бұған дейін Президент Түркістан облысына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбызhttps://sona.kz/kk/qasym-zhomart-toqaev-tuerkistan-oblysyna-keldi-6633/

  • Футзал: Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

    Футзал: Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ұлттық құрама 1/8 финалда Португалияны 1:2 есебімен жеңіп, әлемдік доданың ширек финалына жолдама алды.Тартысқа толы кездесудің 11-минутында-ақ Шыңғыс Есенаманов қарсыластардың қақпасына гол салды. Кейін португалиялықтар есепті теңестіргенімен, Дәурен Тұрсағұлов ұлттық құраманы қайта алға шығарды. Есеп 1:2. Бұған дейін Қазақстан осы жарыстың топтық кезеңінде Испания, Ливия, Жаңа Зеландия құрамаларымен кездескен еді. Енді ширек финалда Аргентина — Хорватия командалары арасындағы ойын жеңімпазымен бақ сынасады.

  • АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен

    АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен

    АҚШ-тың Флорида штатында «Элен» дауылы соқты. Ол бұл аймаққа сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапты. Америкалықтың үстіне жол бойындағы белгі құлап кеткен. Жауындатып жеткен дауылдан кейбір елді мекендер мен қалаларды су басты. Жергілікті билік халықты қауіпті аудандардан көшуге шақырып отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Флоридада бір миллиондай, Джорджияда 50 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Осы штаттмермен бірге Алабама, Каролина, Вирджина штаттарында да төтенше жағдай жарияланған.

  • Автокөлікті сақтандыру құны өзгереді

    Автокөлікті сақтандыру құны өзгереді

    Елімізде автокөлікті сақтандыру құны өзгермек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылға арналған сақтандыру полистерінің коэффициенттерін бекіту туралы қаулы жобасын жариялады. Ашық талқылауға шығарылған құжатқа сай, алматылық жүргізушілер үшін көлік сақтандыру сәл арзандай түспек. Ал Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Астана қалаларында керісінше қымбаттай түседі. Қаулы келесі жылдан бастап күшіне енбек.

  • Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Айтбек Амангелді азаматтық істер жөніндегі сотқа талабында қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.

    «Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап қоюды ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық залал өндірілді», — делінген елорда сотының шешімінде.

  • Лифтке тарифті заңсыз көтерген 6 компания жазаланды

    Лифтке тарифті заңсыз көтерген 6 компания жазаланды

    Павлодарда лифтлерге   техникалық қызмет көрсетуге жауапты компаниялар жазаланды.  Олар өзара ымыраласып  тарифті көтерген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті қолдан қасақана қымбатшылық тудырған алты кәсіпорынды анықтап, олардың әрқайсысына 142 мың теңгеден айыппұл төлеттірді. Ал, тариф бұрынғы қалпында қалды.

     «Картельдік келісім болғанын анықтадықЛифттерді жөндейтін осы алты компания бір мезетте қызмет көрсету ақысын көтеріп жіберген. Біз тексердік. Баға көтеруге еш негіз жоқ екендігін дәлелдедік. Әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілік тартылды. Ешқайсысы бұл әрекетімізді теріс деген жоқ», — деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Бейбіт Молдабеков.

     

     

  • Несиеге сұраныс азая түсті

    Несиеге сұраныс азая түсті

    Елімізде несие алушылар азайған. Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге үш жарым миллионнан астам несие рәсімдеген. Бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 процентке төмен. Тіпті өткен жылдың сәуір айынан бері ең төменгі көрсеткіш.  Ал қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.

  • Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

    Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

    Елімізде келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көтеріледі. Өйткені 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 3600 емес, 3900 теңге болады. Бұл туралы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында жазылған. Яғни айлық есіптік көрсеткіш көтерілсе, жәрдемақы мен айыппұлдардың мөлшері де артады деген сөз. Мәселен мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандарға және жұмыссыздарға төленетін ақы 6,5 пайызға көтеріледі. Ал зейнетақы көлемі 8,5 процентке артпақ.

     

  • Қостанай облысында комбайншы қаза тапты

    Қостанай облысында комбайншы қаза тапты

     

    Жазатайым жағдай Денисов ауданының Чебендовка ауылының маңында болды. 49 жастағы комбайншы комбайн тырмасын шөптен тазартып жатқанда, оны барабан тартып кеткен.

    Полиция және еңбек инспекциясы шаруа қожалығының жұмыскері көз жұмғанын растады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

  • Ипотека жыры: 55 млн теңге шығын келтірген алаяқ 3 жылға сотталды

    Ипотека жыры: 55 млн теңге шығын келтірген алаяқ 3 жылға сотталды

    Астаналық  тұрғын өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үйсатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан. Құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған  үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған. Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

    Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшіншот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

    «Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген», — делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

    Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

    Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.