Автор: Аяла Тұрсын

  • Кафе, ресторандардағы қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін

    Кафе, ресторандардағы қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін

    Кафе, ресторандардағы қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін. Сауда және интеграция министрі, қазір ішкі сауда ережелеріне өзгерістер әзірленіп жатқанын жеткізді. Ол қабынданса, тамақтану орындарында қызмет көрсетуге төленетін 10 пайыз түбіртектен алынып тасталмақ. Ал егер көрсетілген қызмет көңіліңізден шықса, өз еркіңізбен шайпұл беруге болады. Десе де, бизнесмендердің барлығы бұл ойымызды құптай қоймас дейді,-Арман Шаққалиев. Десе де. ел азаматтарының құқықтарын қорғау үшін мұндай өзгеріс қажет деп санайды.

    «Бүгінде түбіртекте 10% міндетті атрибут ретінде көрсетілген. БІз атрибут ретінде көрсетілген осы шайпұлды алып тастауды көздейтін өзгерістерді дайындап жатырмыз. Яғни көрсетілген қызмет үшін алынатын 10%-ды алып тастаймыз. Егер түбіртекте қызметтің жалпы сомасы көрсетілсе, сіз неге 2 рет төлеуіңіз керек», — деді ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ.

  • Үлкен Ақсу ауылына мал өнімдерін әкелуге, әкетуге тыйым салынды

    Үлкен Ақсу ауылына мал өнімдерін әкелуге, әкетуге тыйым салынды

    5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ІҚМ сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды.

    Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды. Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    Елді мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажетті мамандар мен арнайы техника штаты бар.

    Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр.

    Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады.

  • Ұйғыр ауданындағы Сібір жарасына қарсы күрес шаралары жалғасуда

    Ұйғыр ауданындағы Сібір жарасына қарсы күрес шаралары жалғасуда

    Ветеринария мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпті індеттерден қорғау үшін шараларды үздіксіз жүргізуде. Атап айтқанда, Жарық тума учаскесінде мал дәрігерлері 141 бас ірі қара малға сібір жарасына қарсы екпе екті.

    Сонымен қатар, ветеринарлар инфекция ошағын жою мақсатында 1800 шаршы метр қора жайды дезинфекциялады. Залалсыздандыру жұмыстары дезстройлайт препаратының 1 пайыздық ерітіндісімен жүргізілді.

    Ал Үлкен Ақсу ауылдық округінде ауру жұқтыруы мүмкін 25 ит пен 4 мысық ауланып, тиісті ветеринарлық тексеруден өтті. Бұл шаралар адамдар мен жануарлардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

    Ветеринария мамандары ауыл тұрғындарын мал ауруларының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

     

  • АҚШ-та 14 жастағы оқушы 2 мұғалім мен 2 оқушыны  атып өлтірді

    АҚШ-та 14 жастағы оқушы 2 мұғалім мен 2 оқушыны атып өлтірді

    АҚШ-тың Джорджия штатында қанды қырғын. Аппалачи орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы 2 мұғалімді және 2 оқушыны атып өлтірді. Қаза тапқан оқушылардың жасы 14-те. Қаскөйдің қолынан тағы да тоғыз адам жараланып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,— деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. Күдікті 14 жастағы Колт Грей есімді оқушы қамауға алынды. Джорджия Тергеу Бюросының мәліметі бойынша оның бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз

    «Күдіктіге кісі өлтіру бойынша айып тағылып отыр. Ол ересек адам ретінде сотталады және ересек адам ретінде жауапкершілікке тартылады. Ол біздің мектептегі қауіпсіздік қызметкерімен бетпе-бет келіп, ізінше өз еркімен берілді. Оның қаруды мектеп ішіне  қалайша алып кіргені әлі де белгісіз», — деді БАРТОУ ОКРУГІНІҢ ШЕРИФІ ДЖАД СМИТ.

     

  • Ақтөбе облысында екі оқушы адам өліміне қатысты қамауға алынды

    Ақтөбе облысында екі оқушы адам өліміне қатысты қамауға алынды

    Ақтөбе облысында екі оқушы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Мектеп директоры қызметінен босатылды.

    «ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталды. Темір аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Қадағалауды жүзеге асыру тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді. Облыстық прокуратура жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық Білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін шешу жөнінде ұсыныс енгізді. Бүгінгі күні қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, оқушы өлімімен аяқталған қайғылы жағдай 2 қыркүйек күні Темір ауданы Кеңесту ауылында болған. Оқушылар төбелескен.  Қайтыс болған 9 сынып оқушысы Қопа орта мектебінде оқыған.

     

  • Президент Давид Дегтяревті құттықтады

    Президент Давид Дегтяревті құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

    Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

    Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

  • Арабтар Қазақстанның су шаруашылығын қалпына келтіреді

    Арабтар Қазақстанның су шаруашылығын қалпына келтіреді

    Арабтар Қазақстанның су шаруашылығын қалпына келтіреді. Бүгін Астанада алғашқы келісім-шартқа қол қойылды. Еліміздің драйвері саналатын ауылшаруашылық саласында жаңадан су қоймалары саналады. Тоз-тозы шыққан суару жүйелері жөнделеді. Бастапқы жұмыс, тасқыннан зардап шеккен өңірлер мен қуаңшылық көрген оңтүстік жақтан басталады.

    «Еліміздің бүкіл су жүйесі қалпына келтіріледі. Су тасқындарымен күресуге, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға, елімізде жаңа су резерваттары пайда болады. Каналдар қазылады, су қоймалары салынады. Бұл жұмыс биыл басталады. Қазан айының басында тиісті несиелік жобаға қол қоямыз», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі  Нұрлан Байбазаров.

    Жалпы Араб үйлестіру тобына Қазақстан тарапы 250 жоба ұсынып отыр. Бұл жобалар түрлі саланы қамтиды. Оның  жалпы құны 10 млрд доллар.

     «Ислам даму банкі Қазақстанның су шаруашылығындағы инфрақұрылымды жаңғыртып ғана қоймайды. Сонымен қатар, Қазақстанның жолдарын да қалпына келтіреді. Бұл да өте үлкен жобаның бірі. 9 өңірдің жолдарын жөндейтін боламыз», — деді «ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ» ЕЛ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ АНАССИ АЙССАМИ.

  • Бағдат Қарасаев 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Бағдат Қарасаев 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі  Бағдат Қарасаевтың не себепті ұсталғанына облыстың прокуратурасы түсінік берді.  Қадағалау органының мәліметінше, аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылды.

    «Алматы облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады.2024 жылғы 3 қыркүйектегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әкім Б.А. Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарының тәртібінде ұсталды. Аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», — деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

    2024 жылдың 4 қыркүйегінде прокуратура бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

     Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Б.Қарасаевтың ұсталғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

  • Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі ұсталды 

    Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі ұсталды 

    Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі ұсталды

    Бағдат Қарасаевтың ұсталғанын Антикордың баспасөз қызметі растады.

    Тергеу билікті  және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізілуде.

  • Президент жаңадан тағайындалған спорт министріне нақты міндет жүктеді

    Президент жаңадан тағайындалған спорт министріне нақты міндет жүктеді

    Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

    Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.