«Богатырь Көмір» жұмысшысы өндірістік апат салдарынан қаза болды

Екібастұзда суару қондырғысын дизель отынымен толтыру кезінде өндірістік апат болып, «Богатырь Көмір» ЖШС жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Sona.kz KazTAG-қа сілтеме жасап.

««Жастар» бекетінде суару қондырғысын дизельмен толтыру барысында апат орын алды. Жәбірленуші Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, алайда кейін қайтыс болды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.