Метка: Жұмысшы

  • «Богатырь Көмір» жұмысшысы өндірістік апат салдарынан қаза болды

    «Богатырь Көмір» жұмысшысы өндірістік апат салдарынан қаза болды

    Екібастұзда суару қондырғысын дизель отынымен толтыру кезінде өндірістік апат болып, «Богатырь Көмір» ЖШС жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Sona.kz KazTAG-қа сілтеме жасап.

    ««Жастар» бекетінде суару қондырғысын дизельмен толтыру барысында апат орын алды. Жәбірленуші Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, алайда кейін қайтыс болды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

    Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

  • «Богатырь Көмір» кәсіпорнында жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты

    «Богатырь Көмір» кәсіпорнында жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты

    Павлодар облысында «Богатырь Көмір» ЖШС аумағында 22 қарашада өліммен аяқталған өндірістік оқиға болды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мәлімдегендей, қазіргі уақытта арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

    Алдын ала дерекке сәйкес, 30 жастағы электрслесарь жұмыс барысында электр тогының соғуынан көз жұмған.

    Полиция да оқиға бойынша тексеріс жүргізуде.
    Облыстық полиция департаменті:
    «Еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, экскаваторды қосу кезінде жұмысшыға тоқ тиіп, ол оқиға орнында көз жұмған. Толық себептер мен жағдайлар тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады.

    Тергеу жалғасып жатыр.

  • Жамбыл облысында 119 қытай азаматы қамауға алынды

    Жамбыл облысында 119 қытай азаматы қамауға алынды

    Жамбыл облысында жұмыс істеп жүрген қытай азаматтары қамауға алынды. 119 шетелдік Сарысу ауданында салынып жатқан Сода зауытының құрылысына тартылған.  Оларды кәсіпорын аумағынан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция бірлесіп ұстады. Құжаттары тексеріліп, ел аумағында заңсыз жүргені анықталды. Барлығының жұмыс визасы жоқ болып шықты. Сарысу аудандық сотының шешімімен 16 қытай азаматы елден шығарылатын болды. Қалғандарының құжаттары әлі тексеріліп жатыр.

  • «Алтыналмас» кен орнында жұмысшының мәйіті табылды

    «Алтыналмас» кен орнында жұмысшының мәйіті табылды

    «Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшы Нұрдәулет Нұрмахановтың мәйіті табылды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

    Қайғылы оқиға Жамбыл облысында 18 қыркүйекте болған.

    Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Алтыналмас АК» АҚ «Ақбақай» тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесары болды.

    «Алтыналмас АК» АҚ қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындайды, — делінген ресми ақпаратта.