Рубрика: Оқиғалар

  • Теміржолды кесіп өтпек болған жүргізуші жол апатына ұшыратты: Қарағанды облысында жолаушы пойызы шұғыл тоқтады

    Теміржолды кесіп өтпек болған жүргізуші жол апатына ұшыратты: Қарағанды облысында жолаушы пойызы шұғыл тоқтады

    Қарағанды облысында №1677 жолаушы пойызы теміржолдағы жол-көлік оқиғасына байланысты шұғыл тежеу жасауға мәжбүр болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жеңіл көлік жүргізушісі пойыз келе жатқанда жолды кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Sona.kz EGOV.PRESS- ке сілтеме жасап.

    Көліктің ішінде бірнеше адам, соның ішінде бала болған. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

    Оқиға теміржол маңындағы қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді: кейбір жүргізушілер пойыздың жоқ екеніне көз жеткізбестен теміржолдан өте береді.

    Оқиға бойынша тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр.

  • Алматы-2 вокзалында пойыздан 52 адам газдан уланды

    Алматы-2 вокзалында пойыздан 52 адам газдан уланды

    Алматы-2 вокзалында ірі оқиға болды: пойызда бірден 52 адам көміртек оксидінен уланды. Зардап шеккендердің арасында он бала бар, екеуі  реанимацияда.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына шұғыл түрде 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Барлық науқас қалалық стационарларға жеткізіліп, тексеруден өтті.

    «Госпитализацияланған пациенттердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады басқарма.

    “ҚТЖ” компаниясы оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді: аталған пойыз жеке компанияға тиесілі болып, түсірілім жұмыстары үшін киностудияға уақытша берілген.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

  • Талдықорғанда бұрынғы қызметкер ЖШС басшылығын «айыптайтын» деректермен қорқытып, пәтер талап еткен

    Талдықорғанда бұрынғы қызметкер ЖШС басшылығын «айыптайтын» деректермен қорқытып, пәтер талап еткен

    Талдықорғанда жергілікті ЖШС-тің бұрынғы басшысы қызметінен кетірілгеннен кейін жұмыс берушілерінен мүлік талап етіп, оларды қорқыту арқылы пайда табуға әрекеттенген, деп хабарлайды Sona.kz Hronika.kz-ке сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, ер адам компанияда ресми түрде тіркелмей, белгілі бір уақыт басшылық қызметін атқарған. Қызметінен ауызша босатылғаннан кейін ол ЖШС директоры мен құрылтайшыларына қысым көрсетуді бастаған.

    Ол қолында «салық берешектері» және ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзге де мәліметтер бар екенін айтып, оларды жариялаумен қорқытқан. Осы деректерді «жарияламау» үшін ол құны 16,5 млн теңге болатын талдықорғандық пәтерді өз атына аударуды талап еткен.

    Кейін ер адам Алматыға барып, ЖШС құрылтайшысына да осындай қысым көрсеткен. Ол талап еткен пәтерді нотариус арқылы өз атына аударуға әрекеттенген.

    Полиция қызметкерлері оны нотариалдық кеңседе, жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдеу барысында ұстады. Құқық қорғаушылар ірі мөлшердегі заңсыз мүлік иемдену әрекетінің жолын кесті.

    Сот ер адамды қорқытып ақша бопсалау дерегі бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

     

  • Атырауда блогер Құралай Болатованы соққыға жығу ісі бойынша сот басталды

    Атырауда блогер Құралай Болатованы соққыға жығу ісі бойынша сот басталды

    Атырауда жергілікті блогер Құралай Болатованы соққыға жығу ісі бойынша сот процесі басталды. Оқиға бір ай бұрын болған. Жәбірленушінің айтуынша, Айдана Ақмурзиева мен Ақбота Нұғманова есімді екі қыз оны «әңгімелесейік» деп кафеден шығарып, алдап көлікке отырғызып, қаладан тыс. Зират жаққа алып кеткен. Сол жерде, Құралайдың айтуынша, олар оны ұрып, қорлаған, деп хабарлайды Sona.kz Atyrau.today-ге сілтеме жасап.

    Құралай оқиғаны адам ұрлау ретінде қарастыру қажет екенін айтады:
    «Мені алдап алып кетті де, соққыға жықты. Неліктен іс тек 108-бап – денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру бойынша ғана қозғалды? Заң бәріне бірдей болуы керек», – деді ол.

    Жәбірленушінің нұсқасы бойынша, жанжал 100 мың теңгеге сатып алынған, бірақ жүзеге аспаған туристік турға қатысты туындаған. Ақша қайтару талабы дау-дамайға, кейін күш қолдануға ұласқан.

    Қазіргі таңда іс бір ғана бап бойынша қаралып жатыр. Сот отырыстары жалғасуда.

  • Алматыда перинаталдық орталықта босанған әйелдің қайтыс болды

    Алматыда перинаталдық орталықта босанған әйелдің қайтыс болды

    Алматыда 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты тексеріс жүргізілуде. Марқұм 14 қарашада Перинатология орталығында босанған. Кейін ол кеуде тұсының қатты ауыруына шағымдана отырып, орталыққа қайта келген.

    Дәрігерлер оған мастит пен лактостаз диагнозын қойып, оны жаңа туған сәбиімен бірге ауруханаға жатқызған.

    Туыстарының айтуынша, 9 желтоқсанда әйелді шығаруға дайын болған. Алайда оның жағдайы кенеттен нашарлап кеткен. Дәрігерлер жақындарына жүрек тоқтағанын хабарлаған. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеген.

    Жақындары марқұмның бұған дейін жүрек ауруымен ауырмағанын айтады. «Ол тек сүті жүрмеген соң ауруханаға жатты. Шығаруға дайындалып жүрген. Енді қоштасу», — деді олар.

    Оқиға бойынша медициналық сараптама тағайындалып, нақты себептер анықталуда.

  • Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

    Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

    Жетісу облысының Алакөл ауданында құтқарушылар қар құрсауында қалған алты адамды эвакуациялады. 112 пультіне Үшарал–Достық республикалық маңызы бар автожолының 40-шы шақырымында жеңіл автокөлік қарға батып қалғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Sona.kz 112 Jetisy-ға сілтеме жасап.

    Көлікте болған алты адам құтқару қызметінен көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Ақши ауылдық жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері барып, көлікті қар құрсауынан шығарып алды.

    Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жолға шықпауға, ауа райы болжамын алдын ала тексеруге және жол жағдайын ескеруге кеңес береді.

  • Павлодарда жеті жастағы балаға тілін кесуге әрекет жасалған

    Павлодарда жеті жастағы балаға тілін кесуге әрекет жасалған

    Павлодарда жеті жастағы оқушыға қатысты оқиға тергеліп жатыр. Баланың анасының айтуынша, 9 желтоқсанда он жастағы екі бала оның ұлын ұрып, қайшымен тілін кесуге әрекет жасаған, деп хабарлайды Sona.kz Jagdai-ға сілтеме жасап.

    Полиция денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып жатыр.

    Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оқиға Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады.

     

  • Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Алматыда қоғамдық автобус жүргізушісі телефонына назар аударып, жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті. Оқиға Алмалы ауданындағы Төле би даңғылында болған, деп хабарлайды Sona.kz.

    2007 жылы туған қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

    Полиция мәліметінше, автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚК бойынша іс қозғалды.

    «Әрбір жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс. Оның бір сәт көңіл бөлмеуі адам өміріне қауіп төндіреді», — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаев.

    Полиция қыстың қиын жағдайында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

  • Алматыда RAMS CITY кешеніндегі өрт кезінде өрт сөндірушілер аулаға кіре алмаған

    Алматыда RAMS CITY кешеніндегі өрт кезінде өрт сөндірушілер аулаға кіре алмаған

    Алматыдағы RAMS CITY тұрғын үй кешенінде жер асты паркингіндегі өрт кезінде өрт сөндіру техникалары аулаға қойылған көліктердің кесірінен кіре алмағаны туралы тұрғындар айтты. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, аулада көліктер өте тығыз қойылғандықтан, мамандар подъездерге жедел жете алмаған, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Тұрғындар кешенде өрт дабылының істемегенін де сынға алды. Айтуларынша, төменге түскендерге ешқандай ескерту жасалмаған, ал кейбірі газдан уланып қала жаздаған.

    Әлеуметтік желі қолданушылары қаладағы көптеген тұрғын үйлерде осындай мәселе бар екенін атап өтті. Жолдарды дұрыс ұйымдастырмау төтенше жағдайлар кезінде үлкен қауіп төндіреді деген пікір айтылуда.

    Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері адамдарды дереу эвакуациялап, өртті тез арада ауыздықтағандарын хабарлады. Дегенмен тұрғындар аулада бос орынның болмауын және тұрақ ережелерінің сақталмауын сынға алуда.

    Көпшілік өз аулаларында да осындай жағдайдың бар-жоғын талқылап жатыр.

  • Астанадағы өрт: бейнежазбада подъезге сіріңке тастаған баланың әрекеті

    Астанадағы өрт: бейнежазбада подъезге сіріңке тастаған баланың әрекеті

    Астанада подъезддегі өрттің шығуына қатысты жаңа деректер жарияланды. Бейнебақылау камераларына қарағанда, өрт баланың сіріңкені подъезге тастауы салдарынан басталған.

    Оқиға 6 желтоқсан күні тіркелген. Тілсіз жау шыққан кезде тұрғындардың бір бөлігі баспалдақ алаңына жүгіріп шыққан. 6 адам оның ішінде 5-уі бала қою түтіннің ортасында қалып, улы газдан уланған.

    Қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер 11 жастағы қыздың өмірі үшін күресті, алайда алған улану деңгейіне байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады.

    Өрт сөндірушілер сол күні барлығы 46 адамды эвакуациялаған. Тілсіз жау қысқа уақыт ішінде ауыздықталды.

    Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тергеу органдары өрттің шығу себептерін және бейнежазбадағы баланың әрекеттерін толық анықтап жатыр.