Рубрика: Оқиғалар

  • Қарағанды облысында жол апаты: үш адам қаза тапты, алтауы жараланды

    Қарағанды облысында жол апаты: үш адам қаза тапты, алтауы жараланды

    Sona.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ дерегіне сілтеме жасап хабарлайды

    11 тамыз күні түнде Қарағанды облысының Осакаров ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Астана – Қарағанды – Алматы трассасының 1396-шақырымында, Батпақты ауылы маңында Toyota Alphard жолдан шығып, аударылып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмаған.

    Оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, тағы алты адам түрлі жарақат алды.

    Аймақта бұған дейін де ауыр апаттар тіркелген:
    • 8 тамызда Қарағанды маңында Audi мен BMW соқтығысып, 28 жастағы әйел мен оның үш айлық қызы қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды.
    • 3 тамызда Алматы – Екатеринбург тас жолында мотоцикл полицияның Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, 42 жастағы мотоциклист қаза тапты.

  • Таразда белгісіз адам ондаған аулаға су жіберді

    Таразда белгісіз адам ондаған аулаға су жіберді

    Таразда «Зербулак» көлінің шлюзін рұқсатсыз ашу салдарынан суару арналарына шамадан тыс су жіберіліп, бірнеше көше су астында қалды. Sona.kz Kazinform сілтеме жасап хабарлайды

    Оқиға кешкі сағат 20:35 шамасында болған. Белгісіз тұлға шлюзді ашып жібергеннен кейін Достоевский, Жуанышев, Ұлбике ақын көшелерінің аулалары, сондай-ақ Ниетқалиев және Бөлтірік шешен көшелеріндегі үйлердің бір бөлігі суға кетті. Әкімдік мәліметінше, 30 үйдің ауласы мен 2 жертөле суға толған, алайда үйлердің ішіне су кірмеген.

    Алдымен шлюз жабылып, су ағымы тоқтатылды. Кейін ТЖД құтқарушылары мен «Жамбыл-Су» қызметкерлері суды соруға кірісті. Жұмысқа 25 адам және 5 мотопомпаны қоса алғанда 12 техника жұмылдырылды.

  • Алакөлде жас жігіт суға батып кетті — оны құтқармақ болған адамға жабысып, суға тартып кеткен

    Алакөлде жас жігіт суға батып кетті — оны құтқармақ болған адамға жабысып, суға тартып кеткен

    Абай облысындағы Жарбұлақ ауылы маңында орналасқан Алакөл көлінде қайғылы жағдай орын алды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт паром маңында құтқару жилетін кимей суға түскен. Біраз уақыттан соң ол суға бата бастаған. Оған көмекке құтқару жилетін киген адам жеткен, алайда суға батып бара жатқан жігіт үрейленіп, оны да су астына тарта бастаған.

    Көпшіліктің көз алдында болған оқиға кезінде жас жігітті құтқарып қалу мүмкін болмады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

  • Алматыда BMW жүргізушісі КАМАЗ-дың дөңгелегін тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды

    Алматыда BMW жүргізушісі КАМАЗ-дың дөңгелегін тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды

    Sona.kz Instagram желісіндегі dimashblog парақшасына сілтеме жасап хабарлайды, Алматы қаласында BMW автокөлігінің жүргізушісі жүріп бара жатқан КАМАЗ-дың дөңгелегінің жолын бөгеп, адамдардың өмірін құтқарды.

    Оқиға орнынан бейнежазбаны куәгер жариялаған. Видеода КАМАЗ-дан бөлініп кеткен дөңгелек көше бойымен төмен қарай домалап келе жатқаны көрінеді. Автордың айтуынша, дөңгелек адамды қағып кетуі мүмкін еді, алайда BMW көлігінің иесі жолды өз көлігімен әдейі жапқан.

    Куәгер ер адамның есімі Сергей екенін айтып, оған алғыс білдіріп, «тағы 100 осындай көлік иесі болсын» деп әзілмен тілек айтқан.

    Оқиға нақты қай жерде және қандай жағдайда болғаны белгісіз. Полиция әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

  • Павлодарда терезеден лақтырылған баланың жағдайы тұрақты

    Павлодарда терезеден лақтырылған баланың жағдайы тұрақты

    Sona.kz Kazinform дерегіне сілтеме жасап хабарлайды, Павлодар облыстық балалар ауруханасы бесінші қабаттан құлап жарақат алған 7 жастағы баланың жағдайы туралы мәлімет берді.

    Дәрігерлердің айтуынша, бала травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оған жамбас сүйегінің сынуына байланысты қатаң төсектік режим тағайындалған. Жағдайы — орташа ауыр, бірақ тұрақты. Баланың қасында ауруханада жақын туыстарының бірі бар.

    Павлодар қалалық №1 ауруханасында оның анасының жағдайы туралы да мәлімет берілді. Әйел адам политравма бөліміне ауыстырылды. Жағдайы — орташа ауыр, тұрақты.

    ? Еске салайық, 30 шілде күні сағат 13:00 шамасында Павлодар қаласында әйел адам бесінші қабаттағы терезеден екі баласын лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен.

    Сол күні кіші баланың бүйрегі алынған, операция кезінде жүрегі тоқтаған, бірақ дәрігерлер баланы реанимациялаған.

    Алайда 1 тамыз күні кешке баланың жүрегі қайта тоқтап, қайтыс болды.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен

    Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен

    Павлодарда көпқабатты үйдің бесінші қабатынан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секірген әйелге қатысты жантүршігерлік оқиға тіркелді.

    Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, «103» қызметіне шақыру 30 шілде күні сағат 13:00-де түскен. Куәгер көшеде жүріп, әйелдің екі баланы терезеден лақтырып, артынан өзі секіргенін хабарлаған.

    Оқиға орнына шұғыл түрде үш жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Дәрігерлер алты минутта жеткен.

    «Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел Павлодар қалалық №1 ауруханаға түсті», – деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметі.

    Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шәкеневаның айтуынша, балалардың бірі – бір жарым жаста, екіншісі – бес жаста. Оқиға кезінде үйде басқа ешкім болмаған.

    Қазір әйелдің де жағдайы ауыр. Тергеу жүріп жатыр.

  • Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматыда тауға кеткен 20 жастағы Алан қаза тапты. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД растады, — деп хабарлайды Sona.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

    Жігіт 27 шілдеде Медеуден Молодежный шыңына бет алған. Оның денесі 29 шілдеде табылды. Іздеу жұмыстарына 50-ден аса құтқарушы мен ерікті, дрондар мен техника, МЧС-тің тікұшағы тартылды.

    Құтқарушылар кеңесі
    * Тауға жалғыз шықпаңыз.
    * Маршрут пен қайта оралатын күнді туыстарыңызға айтыңыз.
    * Жылы және ашық түсті киім, азық, дәрі қобдишасы, термос, пауэрбанк міндетті.

  • Шымкентте америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісі жазаланды

    Шымкентте америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісі жазаланды

    Шетелдік журналист Хоуп Лаудон такси жүргізушісінің өзін қорлап, тиіскенін мәлімдеді. Алайда полицейлер оны тек ұсақ бұзақылық пен жол ережесін бұзғаны үшін жазалаған, — деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    Америкадан келген Хоуп Лаудон Қазақстаннан Өзбекстанға өтпек болғанда визалық қиындықтарға тап болып, Сарыағашта жалғыз қалған. Жергілікті жасөспірім оған көмектесіп, такси шақырып берген.

    Алайда жүргізуші бірден күмәнді әрекеттер жасай бастаған: жылдамдықпен айдап, күдікті қоңыраулар шалып, қала сыртына шығарып жібермек болған. Шымкентке жеткен соң, әйелден ақша алған кезде интимді жеріне қол жүгірткен. Лаудон қарсы шығып, көліктен қашып шыққан.

  • Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы Жамбыл облысындағы жол апатынан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sona.kz Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр. Алдын ала диагноз – жабық бас-ми жарақаты, ми соғылуы.

    Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бұл апатта екі адам қаза тауып, тағы екі адам жараланғаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлер апат кезінде көлікті Рахмоновтың жұбайы басқарғанын жазған. Алайда полиция ресми түрде бұл мәліметті растаған жоқ. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

  • ️Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

    ️Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

    Қаскелең шатқалында парапланмен ұшқан 1985 жылы туған әйел апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Оқиға орнына дереу жеткен Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен азаматшаны тау бөктерінен түсіріп алды. Кейін ол 500 метр қашықтықта күтіп тұрған жедел жәрдем қызметіне табысталды.

    Қазіргі таңда әйелдің жағдайы нақтыланып жатыр.