Рубрика: Оқиғалар

  • ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

    ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

    «Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде. Кінәлілер тиісті жазасын алады», делінген жазбада.

    Бұған дейін 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқаны хабарланған болатын. Төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға түсті, бірақ олардың бірі алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Кейін полиция Талғардағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстаған сәттерінің видеосын жариялады.

  • Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жетісу облысының Көксу ауданында үш адам көлік апатынан көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, “Toyota Camry” маркалы жеңіл автокөлігі “Алматы – Өскемен” автожолының 239 шақырымында жолшыбай бағытта келе жатқан “Камаз” жүк автокөлігінің артқы тіркемімен соқтығысқан.
    Апат салдарынан “Toyota Camry” жеңіл автокөлігінің жүргізушісімен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілген.

    Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

  • Астанада LRT-ң ағашпен жамалған суреті көпшіліктің талқысына түсті

    Астанада LRT-ң ағашпен жамалған суреті көпшіліктің талқысына түсті

    Астанада LRT-ң ағашпен жамалған суреті көпшіліктің талқысына түсті. Астана -Не? Қайда? Қашан? атты телеграм арнасындағы жариялымға көпшілік пікір қалдырған. Арнаның жазушылары бетонды «изолентамен жамау керек еді?», «мына түрімізбен АЭС-ті қалай саламыз», деген бағытта пікір білдірген.  https://web.telegram.org/a/#-1001085134072

    Бұл жағдайға  City Transportation Systems компаниясының өкілдері түсініктеме берді.

    «LRT құрылысы учаскесінде (Ш. Қалдаяқов пен К. Қуанышбеков көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде) монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды», – делінген ресми жауапта

  • Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.

    Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.

    Ал ТЖМ-ның соңғы мәліметінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы 10 мың га дала өрті оқшауланғаны хабарланды.

    Еске салайық, Баянауылда жер өртеніп, ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

    Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген өрт қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданына өтіп кеткен. Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болған. Одан бөлек тағы 3 адам зардап шеккен. Олар Қарағанды облысының тұрғындары — екі өрт сөндіруші және бір ерікті.

    ҚР ТЖМ Командалық орталығында жедел штаб құрылды. Құтқарушылар тобына қосымша күш жіберілді. Өртті сөндіруге Қарағанды мен Павлодардан 183 адам, 56 арнайы техника және 4 тікұшақ жұмылдырылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

  • Қостанай облысындағы диірменде төрт адам қаза тапты

    Қостанай облысындағы диірменде төрт адам қаза тапты

    Қостанай облысының Рудный қаласындағы диірмендердің бірінде төрт адам қаза тапты. Олар тереңдігі 5 метрлік бункерді тазалауға түскен.  Қайта шықпай қалған. Бункерде ес-түссіз жатқан жұмысшыларды төтенше жағдай қызметкерлері алып шықты. Қазір жұмысшылардың өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.

  • «Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды

    «Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды

    «Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі адам қайтыс болды.

    Компания хабарлауынша, шахтада көміртегі газы бөлінген.

    Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Екі жұмысшы қайтыс болды, — деп хабарлады компания.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

    «Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасына қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Қарағанды облысы полициясы шахтада болған жағдайға байланысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Тергеу жүріп жатыр.

  • Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды

    Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды

    Сағат 20:00 референдум бойынша дауыс беру аяқталды. Содан кейін дауыстарды санау басталады.

    19:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 7,5 млн-нан астам азамат өз таңдауын жасады. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 61 пайызы. Жалпы елімізде 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Ал дауыс беру құқығына ие 12 244 683 адам бар. Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылды.

     

    «Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша  шетелде 13   учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты). 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда,  Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы 1 Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағ. 20.00-де ашылады.Еске сала кетейін, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12 307″, — деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

  • Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды

    Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды

    Алматыда қоғамдық көлік  Mitsubishi көлігімен соқтығысып, бір адам қайтыс болды. ПД мәліметінше, жол апаты бүгін түскі сағат 14:48-де Алматының Жетісу ауданында болды.

    «Mitsubishi» маркалы көліктің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі № 58-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

    «Жол апаты салдарынан «Mitsubishi» көлігінде отырған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», – делінген ПД хабарламасында.

  • Журналистер мінген әуе шары «лағып» кетті

    Журналистер мінген әуе шары «лағып» кетті

    Онда Бразилия мен Германиядан келген екі әйелдің Алматыны биіктен тамашалағысы келгенін айта келе, олардың алған әсерін сұрап-білу үшін Қарғалы ауылына журналистер де жедел барғанын жазған.

    Сөзбе-сөз келтірсек: «Еріккен екі қатын есімізді шығарды. Әуе шарымен әлем қалаларын көктен көреміз деп кергіген Бразилия мен Германиядан екі әйел келіпті. Олар Алматыны ұшар биіктен тамашаламақшы болған. Соларды түсіру үшін бүгін біздің түсіру тобымыз да Қарғалы (Фабричный) ауылына барған еді. Алайда кіл журналистер мінген әуе шары 1,5 сағат аспанда қаңғып жүріп, 11 шақырым жердегі Ұзынағаш ауылына барып құлапты. Абырой болғанда бәрі аман. Бірақ еріккен екі қатынның кесірінен журналистердің жүрегі шайылып, Ұзынағаштағы бірнеше үй жарықсыз қалды. Өйткені, дәл ауыл ортасына түскен әуе шары желілерді үзіп кеткен», – делінген жазбада.

    Sona.kz тілшісі КТК жаңалықтар бөлімінің редакторы Диас Нұрақынға хабарласып, мән-жайды білді.

    «Біз мұны қызықты оқиғалар айдарына берейік дегенбіз. Бізден барған түсіру тобы, басқа да журналистер мінген әуе шарында 7-8 адам болған. Бәрі аздап шошынып қалыпты. Себебі, бұлар отырған шар айдалаға «лағып» кетіп, Ұзынағаш ауылына барып құлаған. Ал бұдан әлгі екі турист әйел хабарсыз да шығар», – деді.

    Ел аралап, қыдырып жүрген екі турист әйелдің әуе шарына отырғаны кімге қызық болды екен? Журналистерді шақырып, ұйымдастырып жүрген кімдер? Ал түсіру тобы емес, әлгі туристер мінген әуе шары құлағанда не болар еді?!

  • Демалыс күндері кей өңірлерде 30 градус ыстық болады

    Демалыс күндері кей өңірлерде 30 градус ыстық болады

    Синоптиктер 5,6,7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

    «Скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5, 6 қазанда солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ашық болады, күндіз батыста температура 23-30 градусқа көтерілсе, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Алайда түнде температура нөлден де төмендейді», делінген ауа райы болжамында.
    7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық ағын мен жаңбырлы бұлт таралады, сондықтан жел күшейіп, жауын жауып, күн салқындайды.