Көктемнің алғашқы жарысына 40 автокөлік қатысып, жүргізушілер кәсіби шеберліктерін, жылдамдық пен дәлдікке негізделген дрифт техникасын көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, ең мықты жүргізушілер анықталды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын –Петр Бородин,
2 орын –Евгений Васькин.
Жарыс жеңімпаздары азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысты.
«Дрифт-шоу Қонаевтағы ең әсерлі көріністердің біріне айналды. АСП аренада түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып жүр. Оған алыс-жақын шетелдерден келетін спортсүйер қауымды қоса есептегенде, мыңдаған көрермен жиналуда. Қаламыздың спорт саласы дамып жатқанына өте қуаныштымыз. Биылғы дрифт-шоу референдумға тұспа-тұс келді. Біз өз еліміздің азаматтары ретінде дауыс беріп, таңдауымызды жасадық», − деді Петр Бородин.
Аталған жарыс Қонаев қаласында автоспорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында техникалық спорт түрлерін насихаттауға және өңірдің спорттық-туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Рубрика: Жаңалықтар
-

Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді
-

Ауыл тұрғындары үлгі көрсетті: Қосқұдықта бір көшенің халқы түгел дауыс берді
Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай орын алды. Мұнда бір көшенің тұрғындары азаматтық позицияларын білдіріп, жиналып, түгелдей дауыс берді. Бұл ауылда жалпы 103 үй ғана бар екенін ескерсек, бұл – өте жақсы көрсеткіш – дейді байқаушылар.
«Қосқұдық ауылының тұрғындары теміржол станциясы болып құрылғаннан-ақ өте ұйымшыл. Бұл елдімекенде әулетімен теміржолшылар атанған отбасылар бар. Оның бірі – біздің жанұя. Көрші болып отырған 25 тұрғынмен келісіп, түгелдей референдумға қатысуға бел байладық. Мемлекет ертеңін айқындайтын сәтте тыс қалғымыз келген жоқ. Бастама бірден қолдау тауып, өз таңдауымызды жасадық», — деді ауылнай Келтай Шаяхметов.
-

Сағат 10:00-дегі мәлімет: Референдумда сайлаушылардың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерді
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық дауыс берудің алғашқы қорытындыларын ұсынды. Астана уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстан азаматтарының 19,21 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл көрсеткіш ел тұрғындарының саяси маңызы бар науқанға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, дауыс беру процесі барлық өңірде тыныш жағдайда өтуде. Еліміздің батыс аймақтарындағы уақыт белдеуіне қарамастан, ол жақта да сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Естеріңізге сала кетейік, референдум тізіміне барлығы 12,4 миллионнан астам адам енгізілген. Келесі есептік деректер сағат 12:00-де жарияланатын болады.
-

Бүркіт, тазы және Қыдыр ата: Қазақстан өңірлеріндегі референдумның қызықтары
Республикалық референдум барысында еліміздің өңірлерінде ерекше оқиғалар тіркеліп жатыр. Ақмола облысында екі азамат сайлау учаскесіне ұлттық мақтаныштарымыз — бүркіт пен тазыны ертіп келді. Дауыс берушілердің бірі қолына қыран құсын қондырып келсе, екіншісі қазақтың қасиетті жеті қазынасының бірі тазы итімен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Бұл көрініс қатысушылардың рухын көтеріп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, Қостанай қаласындағы сайлау учаскелерінің біріне Қыдыр ата бейнесіндегі ақсақал келді. Ол дауыс беруге жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен амандығын тіледі. Бата беріп болған соң, Қыдыр ата өз бюллетенін сайлау жәшігіне салып, азаматтық борышын өтеді. Мұндай ерекше сәттер биылғы референдумның халықтық сипатын және дәстүрге деген құрметті айқындай түсті.
-

Жетісуда 105 жастағы абыз ана, Алматыда 100 жастағы қария дауыс берді
Бүгінгі референдумда еліміздің ең қарт тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында 105 жастағы Нағиман Шалабаева №290 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. 13 құрсақ көтерген кейуана бүгінде үлкен бір әулеттің алтын діңгегі болып отыр: оның 36 немересі, 103 шөбересі және 13 шөпшегі бар. Ғасыр жасаған абыз ана сайлау учаскесінде жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, ел іргесінің бүтіндігі мен жастардың жарқын болашағы үшін тілек білдірді.

Дәл осындай маңызды сәт Алматы қаласында да тіркелді. Мегаполистің 100 жасқа толған тұрғыны дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышын өтеді. Қариялар өз сөздерінде еліміздегі маңызды саяси өзгерістерден қалыс қалмау әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті. Жүз жасаған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың бұл қадамы кейінгі толқын жастар үшін нағыз отансүйгіштіктің үлгісіне айналды.
-

Токиодан Сан-Францискоға дейін: Шетелдегі қазақстандықтар референдумда дауыс беріп жатыр
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов республикалық референдум аясында шетелдегі дауыс беру барысы туралы ресми мәлімет берді. Қазіргі уақытта әлемнің 54 елінде 71 учаске жұмыс істеп тұр, бірақ кейбір мемлекеттердегі жағдайға байланысты дауыс беру өтпейтін болды. Атап айтқанда, күрделі әскери-саяси жағдай мен азаматтарымыздың аздығына байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмады. Олардың қатарында Иран, Израиль, Иордания, Катар, Оман, Ливан, Кувейт, Украина, Эфиопия және Біріккен Араб Әмірліктері бар.
Шетелде дауыс беруге құқылы Қазақстан азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды. Саяси науқан Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио мен Сеулде басталды. Таңғы сағат 08:00-ге дейінгі мәлімет бойынша, шетелдегі 23 учаске өз жұмысына кірісіп, 198 отандасымыз таңдауын жасап үлгерді. Әлем бойынша дауыс беру процесі ең соңынан АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы учаскеде аяқталады. СІМ барлық жұмыс істеп тұрған учаскелердегі қауіпсіздік шараларын жіті қадағалап отыр.
-

Астанадағы креативті дауыс беру: Бойжеткен референдумға роботымен бірге келді
Астанадағы референдумда ерекше образымен танымал болған бойжеткен тағы да жұрттың назарына ілікті. 2024 жылы АЭС тағдыры шешілген кезде сайлау учаскесіне халатпен келіп, әлеуметтік желі жұлдызына айналған ару бұл жолы да өз «стилін» өзгертпеген.
Биылғы ерекшелік:Бойжеткеннің образына биыл технологиялық жаңалық қосылды. Ол жаңа Конституция үшін дауыс беруге робот-итімен бірге келді. Робот оның қасынан бір елі қалмай, сайлау учаскесіндегі халықтың таңданысын тудырды. Бұл көрініс елордалықтар үшін қалыпты жағдайға айналғандай: халат — жайлылықтың белгісі болса, робот — еліміздегі технологиялық дамудың нышаны іспеттес.
Желі қолданушылары бұл көріністі «Қазақстандағы киберпанк» деп атап, бойжеткеннің әр сайлау сайын жаңа дүние қосып отыратын шығармашылығына тәнті болуда.
-

Жаңа Конституция үшін таңдау: Қазақстанда республикалық референдум басталды
15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Таңғы сағат 07:00-де еліміздің барлық өңірінде учаскелер есігін айқара ашты. Уақыт белдеуіне байланысты ең алғашқы болып Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз өз таңдауын жасады.
Орталық референдум комиссиясының мәліметі:
Учаскелер саны: Қазақстан аумағында 10 388 учаске жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, әлемнің 54 елінде 71 учаске ұйымдастырылған.Дауыс берушілер: Тізімге 12 461 796 адам енгізілді. Оның ішінде 17,5 мыңнан астам азамат есептен шығару куәлігін алған.
Маңызды тұлғалардың қатысуы:
Елдің саяси науқанына Премьер-министр Олжас Бектенов те қатысып, Астанадағы №130 мектеп-лицейде дауыс берді. Үкімет басшысының қарапайым халықпен бірге кезекте тұрған сәті көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Оқушылар сарайында, ал Геннадий Головкин Бангкоктағы елшілікте өз таңдауын жасады. Дауыс берушілердің алғашқы белсенділігі туралы мәлімет сағат 10:00-ден кейін белгілі болады -

Жанабыловтар: АФМ блогерлердің заңсыз табыс табу схемасын әшкереледі
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі қаралып жатыр. Сот отырысы кезінде Эльмира Төлегенова журналистердің түсірілім жасауына қарсылық білдіріп, бұл жағдайдың мектепте оқитын баласына кері әсер етіп жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, баласына жеке өмірлеріне қатысты орынсыз сұрақтар қойылып жатыр.
Тергеу анықтаған схема:
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 15 миллиондық аудиториясы бар жұп «білім беру курстары» атын жамылып, заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған. Курс материалдары YouTube-тен алынған дайын видеолар болып шықты. Агенттік «сәттілік барабанының» жұмысына манипуляция жасалғанын, яғни ірі ұтыс шығу мүмкіндігі қолдан төмендетілгенін мәлімдеді. Тіпті, 11-ші көліктің жеңімпазына қатысты жария түрде уәде берілгенімен, шын мәнінде көлік ешкімге табысталмаған.Тәркіленген мүлік пен жаза:
Қаржы: Блогерлердің ТОО Zhana Business компаниясына халықтан 247,5 млн теңге түскен.
Мүлік: Сот санкциясымен Lamborghini Urus, Lexus LX 600 бастаған 10 автокөлік пен 17 iPhone телефоны қамаққа алынды.Жаза: Қазіргі уақытта екі блогер де үй қамағында. Егер кінәлары дәлелденсе, олар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
-

БҚО-да ағалы-інілі екеу қару-жарақ қоймасын жасырған
Батыс Қазақстан облысында полицейлер қару-жарақты заңсыз сақтаумен айналысқан топтың жолын кесті. Жедел-іздестіру шаралары барысында ағалы-інілі екеудің және олардың танысының қару-жарақ қоймасын ұйымдастырғаны анықталды.
Бәрі күдіктілердің біріне тиесілі көлікті тексеруден басталған. Тінту нәтижесінде көлік ішінен екі травматикалық тапанша, оқ-дәрі салынған алты магазин, аэрозольдік тапанша және 200-ден астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Кейінірек тінту шаралары күдіктілердің үйлеріне жалғасты. Ағайындылардың бірінің үйінен атуға толық жарамды мылтық табылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қарудың қайдан алынғанын және қандай мақсатта сақталғанын анықтап жатыр.