Рубрика: Жаңалықтар

  • Шымкентте жоғалған зейнеткер табылды

    Шымкентте жоғалған зейнеткер табылды

    Кеше үйінен белгісіз бағытқа кетіп, оралмаған әйелді туыстары өз бетімен іздеген. Алайда нәтиже болмаған соң таңертең 112 қызметіне жүгінген. Іздестіру жұмыстарына екі кинологиялық топ жұмылдырылып, зейнеткер елді мекеннен 4 шақырым жерден табылды. Дене қалпы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес.

  • 301 блогер мемлекетке салық төледі

    301 блогер мемлекетке салық төледі

    2025 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті 854 блогерге табысы бойынша хабарлама жолдаған. Оның 301-і өз табысын мойындап, 9,4 млрд теңге көлемінде кірісін декларациялап, 520,7 млн теңге салық төледі.

    Барлығы 80 мыңнан астам азаматқа камералдық бақылау нәтижесінде хабарлама жіберілген. Комитет блогерлерге арнайы тексеріс жүргізілмейтінін, салық заңнамасы баршаға бірдей қолданылатынын мәлімдеді.

  • Шымкентте блогер ұсталды: мұғалімнен ақша талап еткен

    Шымкентте блогер ұсталды: мұғалімнен ақша талап еткен

    Ол ұстаздан 1,2 млн теңге сұрап, әйтпесе беделіне нұқсан келтіретін ақпарат жариялайтынын айтқан.

    Полицейлердің мәліметінше, блогер өз медиалық статусын пайдаланып, қысым көрсеткен. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

    Бұған дейін де елдің әр өңірінде блогерлердің бопсалау фактілері тіркелген. Мысалы, Таразда – 2,5 млн, Қостанайда – 15 млн, Алматыда – 8 млн теңге талап еткендер ұсталған.

    Құзырлы орган тұрғындарды бопсалауға жол бермеуге шақырып, мұндай жағдайда бірден полицияға жүгінуге кеңес береді.

  • Қазақстанда автонесиелеу жеңілдеді: көлік алу бұрынғыдан оңай

    Қазақстанда автонесиелеу жеңілдеді: көлік алу бұрынғыдан оңай

    Қаржы нарығын реттеу агенттігі автонесиелеу шарттарын уақытша жеңілдетті. Енді көлік алғысы келетіндер үшін банкке табыс туралы толық анықтама тапсыру талабы жойылды.

    Мақсат — халыққа көлік сатып алуды қолжетімді ету және рәсімдеу процесін жеңілдету. Жаңа тәртіп екінші деңгейлі банктер мен автосалондар арқылы берілетін несиелерге қатысты.

    Бұл мүмкіндік тек уақытша. Сондықтан автокөлік алуды жоспарлап жүргендерге — таптырмас сәт. Бірақ несие аларда өз мүмкіндігіңізді бағалауды ұмытпаңыз.

  • Астана – Ақтау ұшағында бортсерікке қол көтерген жолаушы ұсталды

    Астана – Ақтау ұшағында бортсерікке қол көтерген жолаушы ұсталды

    Scat әуе компаниясының рейсінде бортсерікке шабуыл жасаған жолаушыны полицейлер ұстады. Оқиға Ақтауға қонған соң болған. Телефонын ұмытқан жолаушы ұшаққа қайта кіруге тырысқан. Бортсерік ескерту жасағанымен, ер адам оны қуып жетіп, бетіне соққы берген.

    Полиция келгенде жолаушы мен оны күтіп алған туысы да кінәні мойындамаған. Алайда куәгерлер бәрін растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

  • «Әділдік орнасын»: Шерзаттың әкесі кінәлілер жауапқа тартылуын талап етті

    «Әділдік орнасын»: Шерзаттың әкесі кінәлілер жауапқа тартылуын талап етті

    Сот залында сөйлеген марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нурымов кәмелетке толмаған айыпталушыға өкпесі жоқ екенін айтты. Дегенмен ұлының қазасына себеп болғандар әділ жаза алуы қажет дейді.

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан” деді. Мен тек әділ шешім күтемін. Ешкімге жала жаппаймын, ақша да керек емес. Тек отбасымды мазаламаңыздар. Егер айтатындарыңыз болса, өз сөзіме, әрекетіме жауап берем. Бірақ баламның қанын төккендер міндетті түрде жауап беруі керек», – деді ол.

  • Отарда сарбазды ұрып, комаға түсірген сержант 3 жылға сотталды

    Отарда сарбазды ұрып, комаға түсірген сержант 3 жылға сотталды

    Алматы гарнизонындағы әскери сотта Отарда сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаны ұрып, жансақтау бөліміне түсірген кіші сержант Дастан Тұрланға қатысты сот процесі аяқталды. 

    Прокурор Дінмұхамед Спатай соттан Дастан Тұрланды бес жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алматы гарнизонының әскери соты шешімімен Дастан Тұрлан үш жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сот үкімімен Дастан Тұрлан сарбазды ұрып, комаға түсіргені үшін айыпты деп танылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды. Бұған дейін, жәбірленуші тарап бапты 451-баптың 2-бөлігіне (Ауыр зардаптарға әкелген билікті асыра пайдалану) ауыстыруды талап етті.

    Еске сала кетейік, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 17 мамырда Отан алдындағы борышын өтеу үшін Отардағы 30/212 әскери бөлімге шақырылды. Әскерге келгеніне бір ай толмай жатып, жансақтау бөліміне түскен. Ол 29 маусымда ант беруі керек еді. Алайда 9 маусымда жансақтау бөліміне түскені туралы хабар жетті.

    Нұржігіттің айтуынша, тамағы құрғап, қалтасынан дәрі алып шығып жатқан кезде оны кіші сержант Дастан Тұрлан көріп, ішінен және оң жақ көкірек тұсынан соққы жасаған. Осы соққыдан кейін сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жеткізілген.

    Сот отырысы бір жылға созылып, кейін судьяның отставкасына байланысты үзіліс жарияланған. Істі жаңадан келген судья мен прокурор қайта қарап, үш аптада аяқтады.

    Сот барысында жансақтау бөліміне түскен сарбазды алғаш қабылдаған дәрігерлерден де жауап алынған. Алайда олар қойған диагноздар бірдей, тіпті көшірме іспетті болғаны анықталды.

    Дастан Тұрлан тергеу және сот барысында өз кінәсін мойындамаған. Оның адвокаттары Нұржігітті сержант ұрмағанын, сол кезде қару қабылдап жатқанын айтты. Сонымен қатар, олар әскери комиссариаттың денсаулығында кінәрат бар сарбазды әскерге алғанын, бұл бастапқыда кеткен қате екенін мәлімдеді. Тергеу де сапасыз жүргізілген деп есептейді.

    Адвокаттардың айтуынша, сарбаздың жағдайының нашарлауына соққы емес, ұзақ жол жүргені себеп болған. Себебі Әбділпатта әскери борышын өтеуге дейін өкпе ауруымен ауырған.

  • Шерзаттың әкесі ұлын құтқармақ болды, бірақ тым кеш еді

    Шерзаттың әкесі ұлын құтқармақ болды, бірақ тым кеш еді

    Оның айтуынша, жарақатына қарамастан Шерзат әлі сөйлеп жатқан.

    «Мен шегініп бара жатқанда, Шыңғыс пен Азамат Шерзатқа жүгірді. Сол сәтте ол: “Папа, Нұрқанат аға, ол бірдеңе сұқты” деп айқайлады. Сөйтсек, пышақ екен. Біраз уақыттан кейін Шерзат құлап түсті. Сосын Нұрқияс оны прикладпен ұрды. Әйелім сол сәтте ұлымды қорғауға тырысты, “Өтінемін, ұрмаңдаршы” деп жалынып жатты. Шерзат жерде жатып: “Олар бірдеңе сұқты, ауырып жатыр” деді. Бірақ соған қарамастан Нұрқияс оны тағы арқасынан ұрды», – деді Нұрымов.

    Ол сондай-ақ ұлын ауруханаға жеткізбек болғанын, бірақ жолда қайтыс болғанын айтты.

    «Мен жылдамдықты арттырғанда, балам орындықтан құлап түсті. Сол сәтте оның қайтыс болғанын түсіндім. Реанимация жасауға тырыстым, кейін ауруханаға қарай бет алдым. Оны көлікке отырғызғанда, әлі пульсі бар еді. Кейін ашумен Хуторға қарай бет алдым. Сол кезде Нұрбол көлікке секіріп мініп, қашып кетті. Мен артынан өзім қуып шықтым. Полиция оны ұстай алмады. Ол сай-сала арқылы көлікпен қашып жүрді», – деді марқұмның әкесі.

  • «Хуторлықтардың» атын естігенде жұрттың бәрі қорқатын – Қаржаубай Нұрымов

    «Хуторлықтардың» атын естігенде жұрттың бәрі қорқатын – Қаржаубай Нұрымов

    Талдықорғанда 16 жасар Шерзаттың өліміне қатысты сотта Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова, анасы Гүлбара Бишімбиева жауап берді. Үшінші болып әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.

    Қаржаубай Нұрымов прокурорға қайғылы оқиға болған түнде не болғанын айтты. Әкесімен кикілжіңге келген соң Шерзат Дархан Әскентайды бір рет ұрған. Сол үшін ол «балаларды шақырамын, ұлыңның денсаулығың қойып тастайды» деп қорқытқан екен.

    «Сол түні сегіз бен тоғыздың шамасында мен дүкенде болдым. Дархан Әскентай келіп сыра алды. Жасаған аудармасы маған Светлана деген кісіден түсуі керек деген еді, алайда Қалтаевдан түсті. Айтты да көрсеткен соң дүкеннен шығып кетті. Әскентай дүкенге келгенде масайып қалған болды. Менің балам Шерзаттың кешке қарай дүкенге келген себебі – досы Ахмет Махмедтің шетелге оқуға кетіп бара жатыр екен. Соған шығарып салу үшін, сусын аламыз деп келді. Бастапқыда Дарханмен жақсы сөйлестік. Ол кейін сырт жақта Дарханмен сөзге келіп қалғанымызды көріп қалып, шығып ұрып жіберді. Кейін Дарханнан мен кешірім сұрадым, бірақ ол кешірім бермеді. «Балаларды шақырамын, балаң істегеніне жауап береді денсаулығын қойып тастайды, істегені үшін» деді. Содан ол балаларды ертіп келем деген соң мен үйге хабарласып, Нұрқанатты дүкенге шақырдым», – деді Қаржаубай Нұрымов.

    Ол «Шерзат бір баланы ұрып жіберді, басқа жігіттерді ертіп келем деп жатыр» деп Нұрқанатты шақырғанын мәлімдеді.

    «Сол кезде Дархан Әкентай қасымда тұрып телефонмен жан жаққа хабарласып жатты. Бір естігенімде Нұрбол деген жігітті шақырып жатты, ол мас күйінде келді. Бірінші Нұрбол келді, артынан Нұрқанат келді. Содан олармен Нұрқанат сөйлесе бастады. Мен баламды құтқару үшін Дарханды мен ұрдым деп айтты. Ол айқайлап: «Не бізді танымайсыңдар ма? Мен Нұрболмын Хуторскиймін» деп айтып дікеңдей бастады», – деді Қаржаубай.

    Содан ол Нұрболға ақшаның Дархан әу баста Светлана дегеннен түсетінін, ал мен басқа адамнан түскенін айтып түсіндірген. Қаржаубайдың сөзінше Нұрбол онымен дөрекі сөйлескен.

    «Мен олармен Нұрболмен дөрекі сөйлеспедім. Дархан Нұрболға дұрыс емес ақпарат берген. Ол оған жай далада тұрғанда келіп Шерзат ұрды деп, бізге қарсы айдап салды. Сол кезде мен дүкендегі май кесетін пышақты алып шықтым, бізге Нұрболды айдап салған соң», – деді Қаржаубай.

    Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымов «Хуторлықтардың» атын естігенде жұрттың қорқатынын, өйткені олар көршілерінің бірін өлтіріп кеткенін айтты. Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ тергеу барысында «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың барын жоққа шығарған болатын.

    Сол арада кәмелеттік жасқа толмаған баланың келгенін айтты. Қаржаубайның мас болмағанын айтты. Сау бала бәрін ұққандай болған соң, жағдайды Нұрболға түсіндіру қажет екенін оған айтқан. Сол арада үш көлік келген. Содан Қаржаубай, Нұрқанат, кәмілеттік жасқа толмаған бала үшеуі дүкенге кірген.

    «Дүкенде жауып кетейік дедім, бірақ олар бәрібір ізімізден үйге іздеп келеді деп ойладық та, барлығын осы жерде шақырған жігіттерімен сөйлесіп шешпек болдық. Дидар Қалиахмет төбелес ішінде болды. Hiundai көлігінен Равиль түсті, сол кезде Нұрқанат оны таныды. Осыған дейін жас кездерінде бір келіспеушілектері болған екен. Сол арада тағы да Шерзаттың достары да келе бастады, мен ол кезде оны Шерзат шақырды деп ойладым, артынша олар әу баста дүкенге келмекші болған екен. Достарын шетелге шығарып салуға дүкеннен сусын алуға жиналмақ болған екен. Олар сол төбелес басталғанда келіп қалды. Нұрқанатты Равиль шетке алып кетті. Артымнан дүкенге үш жігіт келіп, сыра алмақшы болды. мен дүкенді жабам дедім. Нұрбол бізге әу баста-ақ «Хуторский» дегенде-ақ қорықтық. Мен дүкенді жауып жатқанда Ахмедтің дауысы шықты қарасам біреуі соны ұрған екен. Ахмед Шерзаттың  досы. Содан төбелес басталып кетті», – деді Қаржаубай. 

    Қаржаубай Нұрымов Шерзатқа пышақ тығып жатқан сәтті көрмей қалғанын айтты.

    «Бір қарасам, Нұрқанатты Ахмед тепкінің арасынан ажырата алмай жатыр екен. Мен Абзалдың Шерзатқа пышақты қалай тығып жатқанын өзімде көрмей қалдым. Бір қарасам ар жақта анам мен әйелім келген екен. Анам арықтың ішіне құлағанын көрдім, әйелімді екі жігіт қолынан ұстап тұрғанын көрдім. Шерзатты пышақтағанымен, қоймай Нұрқияс мылтықтың сабымен Шерзатты ұрып жатқанын көрдім. Бүгін анасы сотта қорғаштап жатқан дәл осы Нұрқияс Шерзатты Мылтықпен ұрып жатты. Баламның қасына барсам артқы жағынан жауырынан пышақ сұққан екен. Ол маған: «Бір нәрсе сұғып алды папа ауырып жатыр» деп айтып жатты», – деді Қаржаубай сәл көзіне жас алып.

    Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың ақтық демін алып жатқан сәттерді айтып берді.

    «Нұрқанат пен Шерзат та ес түссіз жатты. Бір қарасам, содан көршілер шыға бастағанда балалар жан-жаққа қашып бара жатты. Баламның жанына келіп, қарасам пульсі бар екен. Содан мен көлікке салып ауруханаға өзім апаруға әрекет жасадым. Қаржаубай Равиль, Абзал, Шыңғыстың қолынан пышақ көрдім. Ол маған бір-екі рет жарақат салды, Азаматтың қолынан пышақ көрдім», – деді Қаржаубай Нұрымов.

  • «Балаң денсаулығымен жауап береді»: Шерзаттың әкесі жанжал қалай басталғанын айтты

    «Балаң денсаулығымен жауап береді»: Шерзаттың әкесі жанжал қалай басталғанын айтты

    Бүгінгі сот отырысында қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі — Каржаубай Нұрымов 2024 жылдың 3-нен 4 қарашаға қараған түні не болғанын айтып берді.

    Оның айтуынша, жанжал болған дүкен көршісінің туысына тиесілі, шамамен екі ай бойы жұмыс істемеген. Онда кезекпен отбасы мүшелері тұрған: әпкесі, інісі, әйелі. Ал етті тек Нұрқанат сатқан, жазда оған Шерзат көмектескен. Дүкен нақты уақытпен жұмыс істемеген — кейде түнгі 11-ге дейін, кейде 2-ге дейін ашық болған.

    Кешкі тоғыз-он шамасында Нұрымов жұмыстан келіп, дүкенге кірген. Сол жерде Дархан Аскентаймен сөйлескен. Оның айтуынша, бастапқыда ешқандай жанжал болмаған. Кейін тағы үш ер адам келген, біреуі таныс болған. Дархан сыра сұраған. Нұрымов түнгі 11-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынғанын айтып, бас тартқан, бірақ Дархан қайта сұрап, аударым арқылы төлеген соң, беруге келіскен. Нұрымовтың сөзінше, Дархан мас болған — аузынан ішімдік иісі шығып тұрған, дөрекі сөйлеп, балағаттаған.

    Кейін дүкенге Шерзат кіріп, зарядкасын алмақ болған. Әкесі оған «Кеш болды» деп ескерту жасағанда, Шерзат досы Ахметті шығарып салатынын айтқан. Каржаубай рұқсат берген.

    Сол сәтте Дархан қайта келіп, сөйлесу басталған. Шерзат дөрекі сөз естіп, сыртқа еріп шыққан. Терезе арқылы әкесі айқай естіген. Сыртқа шыққанша, Шерзат Дарханды ұрып үлгерген. Әкесі араласып, ажыратқан. Ұлын ұрысып, Дарханға оны ағасы арқылы танитынын, ауруханаға апарып, ем ақысын немесе ішімдік алып беретінін айтқан. Бірақ Дархан ренжіп кетіп бара жатып:

    «Балаң денсаулығымен жауап береді», — деген.