Рубрика: Жаңалықтар

  • Енді Назарбаев және оның отбасының дендаулығы мен жеке өмірі құпия болады

    Енді Назарбаев және оның отбасының дендаулығы мен жеке өмірі құпия болады

    Назарбаевтың және оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы деректер енді жарияланбайтын болды.

    Қазақстанда мемлекеттік құпиялар туралы заңға түзетулер енгізілді. Енді мемлекет басшысы қол қоюы керек.  Заңда «Қазақстан президенті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы туралы, Қазақстан президентінің, Қазақстанның экс-президенті мен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірінің жай-күйі туралы мәліметтер» толықтырылды.

    Сенат аясында депутат Айгүл Қапбарова бұл норма мәжілісте, заңды қарау кезінде енгізілгенін атап өтті.

    «Бұл денсаулық туралы деректер. Қазақстандағы кез келген азаматтың жеке өмірі бар. Бұл денсаулық мәселесіне, оған қойылған диагноздарға байланысты. Көптеген елдерде президенттердің денсаулығы туралы мәліметтер құпия болады», — деп түсіндірді сенатор.

  • «Астана» футбол клубы «Челсиден» жеңіліп қалды

    «Астана» футбол клубы «Челсиден» жеңіліп қалды

    УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» футбол клубы Алматының Орталық стадионында лондондық «Челсиді» қабылдады. Ойын нәтижесінде қазақстандық клуб жеңіліп қалды.

    Қонақ команда үлкен артықшылыққа ие болып, ойынның алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты. Марк Гиу 14 және 19 минутта дубль жасады, содан кейін Ренату Вейга есепті еслесе, оған «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 45-минутта бір голмен жауап қайырды.

    Ойынның екінші жартысында ағылшындар тағы бірнеше шабуыл жасады, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. «Астана» (Астана, Қазақстан) – «Челси» (Лондон, Англия) 1: 3

    Гиу 14 (0: 1),

    Гиу 19 (0: 2),

    Вейга 39 (0: 3),

    Томасов 45 (1:3)

  • Қазақстанның 16 облысында ескерту жарияланды

    Қазақстанның 16 облысында ескерту жарияланды

    Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

    Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

    Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңерең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

    Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.

    Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

    Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/ күтіледі. Қызылордада жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

    Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

    Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

    Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

    Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетауда күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

    Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

  • Шымкентте судья тергеуге алынды

    Шымкентте судья тергеуге алынды

    Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Антикор.

    Агенттік Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

    «Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 миллион теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталған. Бас прокуратура биылғы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады», — делінген хабарламада.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.

  • Алматы метросында зағип жігіттің рельске құлаған сәті түсірілген видео тарады

    Алматы метросында зағип жігіттің рельске құлаған сәті түсірілген видео тарады

    Алматы метросында жігіттің рельске құлаған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлады Buzyq телеграм каналы. 

    Қайғылы оқиғаның кадрларынан  жігіттің қолындағы таяғымен пойыздың сыртын түртіп, есігін таппай жүргенін көруге болады. Ол пойыздың ашық тұрған жерін есік деп ойлап, рельске түсіп кеткен. Сол сәтте көмектеспек болған басқа жолаушы үлгермей қалған.

    Оқыс оқиға 10 желтоқсанда «Абай» станциясында болған. Көзі нашар көретін 26 жастағы ер адам рельске құлап, мерт болды. Алматы полициясы аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

  • Президент Валентина Матвиенкомен кездесті

    Президент Валентина Матвиенкомен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация Кеңесі төрағасының сапары парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көпжоспарлы стратегиялық серіктестігін барлық бағытта одан әрі арттыру үшін маңызды екенін айтты.

    – Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын, – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл үдерісте парламентаралық дипломатия айрықша рөлге ие. Президент депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосады деп санайды.

    Өз кезегінде Валентина Матвиенко қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстанға зор ықыласпен және парламенттік үлкен делегацияны бастап келгенін айтты. Ол Ресей Президентінің сәлемін жеткізіп, Владимир Путин Астанаға жасаған сапарының қорытындысын жоғары бағалағанын атап өтті.

    – Ресей Президентінің Қазақстанға сапары өте табысты әрі нәтижелі болды. Ең бастысы, өзара тиімді және құрметке негізделген біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны артып келеді. Қазақстан мен Ресей президенттерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Тауар айналымы, инвестиция, өндірістегі ірі жобалар, энергетика, ауыл шаруашылығы секілді қай саланы алып қарасақ та, екі ел арасындағы берік стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың нағыз үлгісін көреміз, – деді Валентина Матвиенко.

  • Трансгендер Амилай қамалды

    Трансгендер Амилай қамалды

    Алматы әкімшілік сотының шешімімен Амилай 7 тәулікке қамалды. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр.

    Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталған.

    Амилай өз кінәсін мойындап, оның мұндай әрекетке баруына алдымен өзіне айтылған балағат сөздер себеп болғанын атап өтті.

  • Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс: полиция түсініктеме берді

    Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс: полиция түсініктеме берді

    Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу амалдары басталып, оған «Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы жағдай бойынша полиция түсініктеме берді.

    Бұған дейін қылмыстық істің қозғалғаны туралы отбасының адвокаты Асқар Қаймақов мәлімдеген. Жағдайды полиция түсіндірді.

    «10 желтоқсанда Азат ауылында орын алған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде автомобиль иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілік шегінен асып кетті», — дейді облыстық полиция департаменті.
    Құқық қорғау органдары Қаржаубай Нұрымовтың нақты қандай құқық бұзушылық жасағанын айтты.

    «Нұрымов машинаны пышақпен тырнап, дөңгелекті тесіп тастады. Әрі қарай айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзуды жалғастырды», делінген хабарламада.

    Еске салайық, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасынан кейін Қаржаубай Нұрымов шу шығарып, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты. Полиция Қаржаубай Нұрымовты алып кетті. Ол 15 күнге қамалды. Сонымен қатар Қаржаубайдың қарындасы мен күйеубаласын да полиция ұстады.

  • Солтүстік Қазақстанда екі адам шошқа тұмауын жұқтырды

    Солтүстік Қазақстанда екі адам шошқа тұмауын жұқтырды

    Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды. Инфекция жұқтырғандардың бірі мектеп оқушысы болса, екіншісі – әскери қызметкер.

    “Шошқа тұмауын жұқтырған екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмаған. Қазір олар ем қабылдап жатыр”, – деді дәрігерлер.

    Бұл инфекция үй құстары мен шошқадан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады. «АШ1ЭН1» вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Науқасты құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі. Дәрігерлер аталған белгілер байқалған болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.

  • «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

    «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

    Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

    Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.

    Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.

    Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.

    – Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді – бұл білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады, – деді министр.

    «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Бұл жобалар мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес салаларын қамтиды. Биыл байқауға жаңа «Волонтерлік» деп аталатын бағыт қосылды.

    – Бұл грант Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Сондықтан бүгінгі марапаттарыңыз – үлкен жауапкершілік. Ел Президентінің сенімін ақтайтындарыңызға шын жүректен сенемін. Әрдайым биіктерден көрініңіздер!, – деді Аида Балаева.

    Өз сөзінде министр жастарға егемендік пен елдікті нығайтудағы негізгі құндылықтар туралы айтты.

    – Президентіміз биылғы Ұлттық құрылтайда еліміз үшін маңызды бірнеше құндылықты атап өткен еді. Ол құндылықтар – Тәуелсіздік және отаншылдық, Бірлік пен ынтымақ, Әділдік және жауапкершілік, Заң мен тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен жаңашылдық. Мемлекет басшысы белгілеп берген нақты құндылықтарды ұстану – жастардың дамуына, қоғамдық сананың өзгеруіне оң ықпал етері анық, – деді министр.

    Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының әр жеңімпазына 3 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Биыл конкурсқа 1284 өтінім түсіп, оның 897-еуі қабылданды.

    Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 20 жеңімпазына «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, естелік статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.