Инвесторлар енді жалақы қорына кемі 30% қаржы бөлуге міндеттеледі

Қазақстанда инвестициялық жобаларды бақылау күшейеді. Енді инвесторлар жалақы қорына жалпы инвестиция көлемінің кем дегенде 30%-ын бөлуге тиіс, — деп хабарлайды Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инвесторлардың жұмыс орындарын ашу және уәдесін орындау жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Қазірдің өзінде елде Инновациялық навигатор іске қосылған. Ол арқылы мына көрсеткіштер бақыланады:
• қанша жұмыс орны ашылғаны,
• олардың еңбек нарығы талабына сәйкестігі,
• жұмысқа орналастыру жоспарларының орындалуы.

Бектенов барлық жобаларды қамтитын біртұтас цифрлық жүйе құруды тапсырды. Бұл жүйе:
• елдегі барлық инвестициялық жобаларды,
• жұмыс орындарының саны мен деңгейін,
• еңбек жағдайын,
• жалақы мөлшерін қадағалап отырады.

Жаңа талап бизнес пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттырып, инвестициялық саясатты ашық әрі әділетті етеді.