Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

2026 жылы Қазақстанның 11 ескерткішін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр

Тоғжан Төлеген
23 апреля, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
2026 жылы Қазақстанның 11 ескерткішін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр
WhatsappTelegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тарихи-мәдени мұраларды сақтауға жергілікті билік құлық танытпай отырғанын сынға алды.

– Біз өз тарапымыздан жергілікті әкімдіктерге бірнеше рет хат жолдап, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтауға қатысты ұсыныстарымызды жібердік. Алайда кейбір жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеге жіті назар аудармай отыр. Осы орайда, министрлік жүйелі шараларды қамтитын 3 бағыттағы жоспар жобасын жасап, мемлекеттік органдармен келісіп, Үкімет қарауына ұсынуға дайын, – деді Мәдениет министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұл жоспар жергілікті әрі халықаралық деңгейде әртүрлі жұмыстарды ұйымдастыруға негізделген. Ондағы бірінші бағыт – ЮНЕСКО қорғауындағы ескерткіштермен кешенді жұмыс жүргізу. Бұл бағытта басым мәселелер қатарына ЮНЕСКО стандарттарын сақтау, қорғалатын және заманауи буферлік аймақтарды мониторингілеу технологияларын енгізу, Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі 3 номинацияны (10 ескерткіш) басқарудың менеджмент-жоспарын әзірлеу бар.

– Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың қаңтарында ЮНЕСКО қарауына екі номинациялық құжат жолданды. Олар – «Маңғыстау жерасты мешіттері» және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанмен бірлесіп дайындалған «Жібек жолы. Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясы. Халықаралық регламенттерді ескере отырып, 2026 жылы ЮНЕСКО тізіміне 11 жаңа қазақстандық ескерткішті енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүріп жатыр, – деді А. Балаева.

Жақында ғана «Беташар» рәсімінің мәдени маңыздылығы халықаралық деңгейде танылды. Таяуда «Салбурын» мен «Алпамыс батыр» номинациялары бойынша құжаттар әзірленіп, ЮНЕСКО қарауына ұсынылды.

Тегтер: Аида БалаеваБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЮНЕСКО
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Нурлан Сауранбаев возглавил Министерство транспорта Казахстана

Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалды

Дана Альсеитова
30 июня, 2025

Қазақстан көлік саласында жаңа басшы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты Көлік министрі қызметіне тағайындады. Сауранбаев –...

Руслан Жаксылыков получил новую должность

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Дана Альсеитова
30 июня, 2025

Қорғаныс министрлігінен кеткен Руслан Жақсылықов жаңа лауазымға ие болды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары...

БАҚ қызметкерлері күнімен!

БАҚ қызметкерлері күнімен!

Дана Альсеитова
28 июня, 2025

Бұл – шындықты ту еткен журналистер, редакторлар, телеоператорлар мен баспасөз хатшыларына арналған күн. Журналист – қоғам мен...

Қазақстандағы алғашқы АЭС 14 млрд долларға түсуі мүмкін

Қазақстандағы алғашқы АЭС 14 млрд долларға түсуі мүмкін

Дана Альсеитова
27 июня, 2025

Елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының құны шамамен 14 млрд доллар болуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстанның атом...

Қатысты жаңалықтар

Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

30 июня, 2025
На грани беды: на севере Казахстана перевернулся гидроцикл с двумя людьми

Құтқару жилеті – өмірлік маңызды шешім

30 июня, 2025
Нурлан Сауранбаев возглавил Министерство транспорта Казахстана

Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалды

30 июня, 2025
Руслан Жаксылыков получил новую должность

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

30 июня, 2025
БАҚ қызметкерлері күнімен!

БАҚ қызметкерлері күнімен!

28 июня, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz