Алматыда бетон араластырғыш көлігі мен мопед соқтығысып, салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды.
Полиция департаменті ақпаратты растады. Жол апаты кеше, 18 наурыз күні сағат 20:50-де Қарасу шағын ауданында болған. Мопед жүргізушісі қиылысқа шығып кетіп, Howo жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 19 жастағы мопед жолаушысы мерт болды.
Полиция қылмыстық іс қозғағанын айтты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.