Әлеуметтік желілерде Алматыда полицейлердің мопедшінің қуып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан мопедшінің жаяу жүргіншілер аймағында жоғары жылдамдықпен қашып кетуге тырысқанын көруге болады.
– Мопед жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тіпті жаяу қашып кетпек болды. Алайда тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады полициядан.