Астанада әйелді автобус қағып, мерт қылды
Астанада автобус жүргізушісі әйелді қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болды.
Алдын-ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына оңға бұрылған. Ол жерде жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Қатты соққы алған адам оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Ғалымдар дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін науқастың ағзасынан АИТВ жоғалғанын хабарлады
Халықаралық ғалымдар тобы ерекше медициналық жағдайды тіркеді: дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін ер адамның ағзасынан АИТВ толық жоғалған....









