Атыраудағы Жангелдин ауылынан жоғалып, кейін мәйіттері табылған тұтас бір отбасының ұлы мен қызына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Алдын ала тексеру барысында Наурыз бен Мейрамгүлдің денесінен өткір затпен салынған жарақат іздері анықталды.
Еске сала кетейік, марқұмдардың денесі Атырау қаласының маңындағы «Геолог» шағын ауданында орналасқан үйдің ауласынан қазып алынған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, оларды күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев өлтіріп, жасырып келген.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша өлімнің нақты себебі мен оқиғаның нақты қай уақытта болғаны анықталады. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты
Көкшетау қалалық соты Қопа көлінің жағалауын салу жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар үш...









