Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу алдағы наурызда аяқталады

Уақыт белдеуі мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

Тоғжан Төлеген
11 декабря, 2024
Билік, Қазақстан жаңалықтары
A A
Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу алдағы наурызда аяқталады
WhatsappTelegram

Парламент депутаттары мүдделі мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Мәжіліс спикері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен фракцияның кеңейтілген жиынында айтты.

Мәжіліс депутаттары Үкімет мүшелеріне бірыңғай уақыт белдеуін енгізуге қатысты азаматтарды толғандырған өзекті сауалдарды жеткізді. Атап айтқанда, мәжілісмен Жанарбек Әшімжанов Алматы облысының, Жетісу облысының және өзге де өңірлердің тұрғындарынан депутаттық корпус атына келіп түскен көп өтінішке назар аударды.

Депутат Ерлан Саиров үйлесімді қоғам құру үшін Парламент пен Үкіметтің осы мәселе бойынша біртұтас ұстанымы болуға тиіс екенін мәлімдеді. Депутат Ю. Кучинская мұндай мәселе Үкімет қаулысы деңгейінде шешілмей, заң деңгейінде реттелуі керек деген пікір білдірді.

Фракция жиынын қорытындылай келе Мәжіліс спикері уақыт белдеуін өзгерту қоғамда ең көп талқыланатын тақырыптың бірі екенін атап өтті. Ол мұндай шешімдерді алдын ала егжей-тегжейлі талдау және кеңінен талқылау арқылы қабылдау керек екенін жеткізді.

Бұл қадам қоғамға тиімді түсіндіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің әсері туралы көпфакторлы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Аталған шешім бірқатар сұрақтың жауабын беруге тиіс.

Уақыттың өзгеруі, ең алдымен, азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына, тұрмысына қалай әсер ететініне қатысты нақты жауап алуымыз керек. Осы мәселеге баса мән беру қажет. Сонымен қатар Үкімет айтып отырған үш жыл – тым ұзақ мерзім. Зерттеу жұмысын үш айда аяқтағандарыңыз жөн. Алдағы жылдың наурыз айында зерттеу қорытындыларымен және нақты шешу жолдары бар ұсыныстармен келесіздер деген үміттеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларБірыңғай уақыт белдеуіЕрлан ҚошановУақыт белдеуі
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Дана Альсеитова
11 февраля, 2026

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Sona.kz  Ақордаға...

Қазақстанда 11 мың шақырым жол жаңғыртылып, әуежайлардың өткізу қабілеті артады

Қазақстанда 11 мың шақырым жол жаңғыртылып, әуежайлардың өткізу қабілеті артады

Дана Альсеитова
10 февраля, 2026

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылатынын хабарлады,...

Тоқаев ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазынадағы» басқарушы кадрларды сынға алды

Тоқаев ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазынадағы» басқарушы кадрларды сынға алды

Дана Альсеитова
10 февраля, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазына» қорында басқару аппаратының шамадан тыс ұлғайғанын сынға алды, деп хабарлайды...

Тоқаев Aitu мессенджерін ілгерілету тоқтағанын мәлімдеді

Тоқаев Aitu мессенджерін ілгерілету тоқтағанын мәлімдеді

Дана Альсеитова
10 февраля, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің отандық цифрлық өнім – Aitu мессенджерін ілгерілетуге деген қызығушылығы төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды...

Қатысты жаңалықтар

Әлемде Дүниежүзілік радио күні мерекеленуде

Әлемде Дүниежүзілік радио күні мерекеленуде

13 февраля, 2026
Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

11 февраля, 2026
Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

11 февраля, 2026
В Алматы неизвестные насильно увезли мужчину, представившись сотрудниками органов

Ер адамды әкету фактісі бойынша «ұстап алу» жоспары енгізілді

11 февраля, 2026
Қазақстанда 11 мың шақырым жол жаңғыртылып, әуежайлардың өткізу қабілеті артады

Қазақстанда 11 мың шақырым жол жаңғыртылып, әуежайлардың өткізу қабілеті артады

10 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz