Батыс Қазақстан облысында полицейлер қару-жарақты заңсыз сақтаумен айналысқан топтың жолын кесті. Жедел-іздестіру шаралары барысында ағалы-інілі екеудің және олардың танысының қару-жарақ қоймасын ұйымдастырғаны анықталды.
Бәрі күдіктілердің біріне тиесілі көлікті тексеруден басталған. Тінту нәтижесінде көлік ішінен екі травматикалық тапанша, оқ-дәрі салынған алты магазин, аэрозольдік тапанша және 200-ден астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Кейінірек тінту шаралары күдіктілердің үйлеріне жалғасты. Ағайындылардың бірінің үйінен атуға толық жарамды мылтық табылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қарудың қайдан алынғанын және қандай мақсатта сақталғанын анықтап жатыр.
eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын есептейтін калькулятор іске қосылды
Қазақстанда eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа калькулятор пайда болды. Бұл қызмет азаматтарға отбасының әлеуметтік...




