31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевті, оның орынбасары Ж. Маймановты және кәсіпкер Б. Жұмашевті пара алғаны үшін кінәлі деп тапты. Олар Жұмашевтен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарты үшін 7,4 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алған.
Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан мәңгілікке айырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.