Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Елімізде жылына 200-ден аса оқушы қызға жыныстық зорлық жасалады

Жандос Жантаев
19 Наурыз, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Елімізде жылына 200-ден аса оқушы қызға жыныстық зорлық жасалады
WhatsappTelegram

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан соңғы бес жылда оқушылар арасындағы ерте жүктілік 43 пайызға төмендегенін айтты.

Еділ Оспанның сөзінше, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік немесе қажетсіз қарым-қатынастарға байланысты проблемалар бар.

«Сондықтан да білім беру саласында оның алдын алу үшін бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы бұл статистиканы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда ерте жүктіліктіктің 43%-ға төмендегені туралы ақпарат бар. Денсаулық сақтау министрлігі сондай ақпарат беріп отыр. Енді бұл ненің нәтижесі деген мәселеге талдау жүргізіп көрдік. Халықтың арасында, оның ішінде ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы жүргізілген түсіндіру жұмыстарының осындай нәтижеге әкелгенін көріп отырмыз. Бұл проблеманың түпкі себебі қыз балаларға қатысты зорлық екенін ашық айтуымыз керек», – деді Еділ Оспан.

Вице-министр жылына 200-ден астам зорлық қылмысы болатынын айтты.

«Әлеуметтік желілер арқылы қыз балалар бейтаныс адамдармен танысып, олардың бопсалауына, құрығына түсу фактілері де аз емес. Сондықтан екі бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек. Біріншіден, зорлық-зомбылықпен күресуіміз керек. Екіншіден, әлеуметтік желіге ата-аналардың бақылауын күшейткен жөн. Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа келер болсақ, әрине, оқу бағдарламаларының ішінде міндетті түрде жасөспірімдерге қатысты ақпараттар беріліп отырады. Оның ішінде репродуктивті денсаулық, гигиена, жеке қауіпсіздік мәселелері бар», – деді Оқу-ағарту вице-министрі.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЕділ Оспанжыныстық зорлықЗорлық-зомбылықҚР Оқу-ағарту министрлігі
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН алу тәртібі қиындауы мүмкін

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН алу тәртібі қиындауы мүмкін

Жандос Жантаев
13 Қазан, 2026

Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру тәртібін қатаңдату жоспарланып отыр. Ішкі істер...

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайта тапсыру ақылы болуы мүмкін

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды қайта тапсыру ақылы болуы мүмкін

Жандос Жантаев
13 Қазан, 2026

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтиханнан үш рет өте алмаған азаматтарға келесі мүмкіндіктерді ақылы ету ұсынылды....

Бельгия королі мен патшайымы Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді

Бельгия королі мен патшайымы Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Бұл бельгиялық...

Қазақстанда МӘМС жоқ азаматтарға бірқатар медициналық тексеруден тегін өтуге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда МӘМС жоқ азаматтарға бірқатар медициналық тексеруден тегін өтуге рұқсат берілуі мүмкін

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Қазақстанда МӘМС жоқ азаматтарға бірқатар медициналық тексеруден тегін өтуге рұқсат берілуі мүмкін Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz