Қазақстанда Энрике Иглесиастың концерті сияқты ірі мәдени шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеке күзет ұйымдарына тапсырылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, елімізде жаппай іс-шаралар кезінде ұйымдастырушыларға полиция қызметкерлерінің орнына жеке күзет компанияларын жалдауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды.
Бұған дейін мұндай ауқымды шараларға мыңдаған тәртіп сақшылары тартылатын. Мысалы, Дженнифер Лопестің концертінде 3500-ден астам ІІМ қызметкері мен әскери қызметші кезекшілік еткен. Жаңа заңнамалық өзгерістер бұл міндетті жеке секторға жүктеуге жол ашады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 мыңға жуық жеке күзет ұйымы және 100 мыңға жуық лицензиясы бар маман бар. Енді олардың әлеуетін жаппай іс-шараларда тәртіпті сақтау үшін пайдалану жоспарлануда, бұл өз кезегінде полиция ресурстарын басқа да маңызды міндеттерге жұмсауға мүмкіндік береді.
Қонаевта халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қонаев қаласының әкімдігі мен «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде...




