Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Ержан Төлепов, Түркістан облысының бас имамы: Ол аттестациядан құлап қалған имамның сойылын соғып отыр

Фейсбук желісіне журналист Ораз Әлімбек «Түркістан облысының бас имамы мешіт мүлкін ысырап қылды» деген тақырыпта жазба қалдырып, жұртты дүрліктіріп қойды.

Тоғжан Төлеген
8 октября, 2024
Қазақстан жаңалықтары, Қоғам
A A
Ержан Төлепов, Түркістан облысының бас имамы: Ол аттестациядан құлап қалған имамның сойылын соғып отыр
WhatsappTelegram

Оның пікірінше, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов пен оның іс басқарушысы Әлімхан деген азамат жол ережесін бұзып, мешіт балансында тұрған көлікті айыппұлға белшесінен батырып тастаған. «Ержан Төлепов айыппұлды неге жанқалтасынан төлемейді?» деген сұрақты төтесінен қойған жазбада:

«Суреттегі Toyota Camry 50 көлігі «Ахмет Яссауи облыстық орталық мешітінің» балансына тіркелген. Бұл машина бас имам Ержан Төлеповтың қызмет көлігі саналады. Toyotaны Ержан мен оның іс басқарушысы Әлімхан екеуі кезектесіп тепкілеп мініп жүр. Үнемі жылдамдықты асырып айдап, айыппұлға түсіп қалады. Әрине, көлік мешітке тіркелгендіктен, жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлды Төлепов емес, мешіт есепшісі төлейді. Мешітке Құдай аспаннан ақша жаудырып жатқан жоқ, бұл қаржы жамағаттың бала-шаға аузынан жырып мешітке берген пітір-садақасы. Ал бас имам мешіт көлігімен жол ережесін бұзып, айыппұлға түсіп, халықтың қаржысын ысырап қылып жүр» делінген.

Sona.kz тілшісі Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповке хабарласып, мәселенің анық-қанығын өзінен сұрады.

– Ержан Сматұлы, әлеуметтік желіде жария болған ақпарат жайында хабардарсыз ба? «Қызметтік көлікпен айыппұлға көміліп қалыпты» дейді ғой. 

– Дін саласында облыстық деңгейде қызмет атқарып жатқаныма екі жылдың жүзі. Бұған дейін де талай жерде жұмыс істедім, ешқандай мәселе туындаған жоқ.

Бұл көлік мүфтияттың атындағы қызметтік көлік. Енді біз Түркістан облысын түгел аралаймыз. Үнемі күре жолда жүреміз. Сондай кезде жылдамдық асырып, түсіп қалуымыз мүмкін. Кейде қайда түскенімізді де білмей қаламыз. Келген айыппұлды өз уақытында төленіп тұрады. Асыра сілтеп жазғандай, айыппұл көп емес.

Бұрыннан көлік жүргізіп жүрген адам да камераға түсіп қалады ғой. Бір-ақ рет түскен айыппұлды көрсеткен. Бірақ үнемі жылдамдықты асырып айдап, айыппұл арқалай берсек, оған да арнайы бап бар емес пе? Заңды түрде, шығарып берсін. Екі жылда бір рет түскен екенбіз, соған бола әлеуметтік желіге дабырайтып жазған дұрыс емес қой.

– Сонда бұл қолдан жасалған арандату ма?

– Әлбетте. Ораз Әлімбек ұсынып отырған мәлімет – жалған. Ол аттестациядан құлап қалған имам Таңат Серкебайдың сойылын соғып жатыр. 2023, 2024 жылы да аттестациядан өте алмай, қызметтен босап қалған ол қайтадан қызметке келгісі кеп бұйрық шығаруды талап етіп, қоқан-лоқы жасауда. Бұл бұйрықты біз емес, комиссия шешімімен мүфтият шығарады. Сол имамның өрескел іс-әрекеті жайында жазсаңыздаршы. Аттестациядан құлап қалса – өзінің білімсіздігі, біліксіздігі, оқығаны туралы бірде бір құжатының жоқтығы. Ал енді блогерді пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы бопсалау жасауы дұрыс па? Менен ілік іздейтін басқа жол таппаған сияқты. «Сіздің осындай кінәратыңыз бар екен» деп өзіме келіп, айыбымды неге бетіме айтпайды?

Сондықтан нақты ақпаратты алғашқы қайнар көзден алу керек. «Біреу айтты» екен деп шешім шығаруға болмайды. Шариғаттың өзінде де неке бұзылып, талақ сұрап келген жағдайда тек әйелді ғана емес, еркекті де, олардың куәгерлерін де тыңдап, шешім шығарамыз. Сол сияқты біз де шағымданып, арыз түсіріп, сотқа береміз. Бірақ әлгі имам артын ойламай, бопсалап, жағдайды ушықтырып отыр.

Қазір Астанадан заңгер келіп, бәрін тексеріп жатыр. Заңды түрде жұмыс жүргізіледі. Жалпы, даудың басы қай жақтан шыққанын анықтамайынша, әлеуметтік желіге ақпарат жариялауға болмайды. Әлеуметтік желіні шулатып, елдің арасында алауыздық туғызғанша, сотқа берсін. Екі адамның арасындағы әңгімені 20 млн халық тыңдауы шарт па?

Тегтер: Басты жаңалықтарЕржан ТөлеповТүркістан облысының бас имамы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Дана Альсеитова
22 января, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Қол қою...

Токаев прибыл в Конгресс-центр в Давосе

Тоқаев Давос қаласындағы Конгресс-орталыққа келді

Дана Альсеитова
22 января, 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласындағы Конгресс-орталыққа келді. Мұнда жақын арада АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған...

Қаскелеңдегі мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды

Қаскелеңдегі мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды

Дана Альсеитова
22 января, 2026

Алматы облысының Қаскелең қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық...

Қазақстанда зейнетақы жинағымен тұрғын үй сатып алу ережелері өзгерді: не өзгереді және қалай жұмыс істейді

Қазақстанда зейнетақы жинағымен тұрғын үй сатып алу ережелері өзгерді: не өзгереді және қалай жұмыс істейді

Дана Альсеитова
21 января, 2026

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер 2026...

Қатысты жаңалықтар

ҚМА: ШҚО заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеуді аяқтады

ҚМА: ШҚО заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеуді аяқтады

22 января, 2026
Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

22 января, 2026
Яна Легкодимова ісі: сотталғандар апелляциялық шағым тапсырды, жақындары толық тергеуді талап етуде

Яна Легкодимова ісі: сотталғандар апелляциялық шағым тапсырды, жақындары толық тергеуді талап етуде

22 января, 2026
Токаев прибыл в Конгресс-центр в Давосе

Тоқаев Давос қаласындағы Конгресс-орталыққа келді

22 января, 2026
Шымкенттегі жаппай шабуылдың тағы бір бейнежазбасы жарияланды

Шымкенттегі жаппай шабуылдың тағы бір бейнежазбасы жарияланды

22 января, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz