Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Спорт

Формула-1 сарапшысы «Сокол» автодромының әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге дайындығын бағалады

Жандос Жантаев
5 Қараша, 2026
Спорт
A A
Формула-1 сарапшысы «Сокол» автодромының әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге дайындығын бағалады
WhatsappTelegram

Формула-1 саласында 23 жылдан астам тәжірибесі бар испаниялық маман Чави Пужолар Алматы облысындағы «Сокол» спорттық-техникалық кешеніне келді. Ол автодромның инфрақұрылымымен танысып, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарды, соның ішінде Формула-1 кезеңдерін өткізу мүмкіндіктерін бағалады және кешенді одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Чави Пужолар Формула-1 чемпионатындағы Jaguar, Williams, Toro Rosso және Sauber секілді танымал командаларда көп жыл еңбек еткен тәжірибелі маман. Ол Sauber командасында жарыс директоры қызметін атқарған. Бүгінде оның кәсіби тәжірибесі халықаралық автоспортты дамытуға бағытталған жобаларда кеңінен қолданылып келеді.

«Соколға» сапары барысында сарапшы жарыс трассасының конфигурациясын, техникалық инфрақұрылымын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жан-жақты зерделеді. Әсіресе автодромның Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) қазіргі талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша Чави Пужолар кешеннің инфрақұрылымына оң баға берді. Оның пікірінше, автодром жалпы алғанда заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, ал жетілдіруді қажет ететін тұстар жекелеген мәселелермен ғана шектеледі.

Сарапшының ұсыныстары негізінен FIA-ның соңғы талаптары мен халықаралық тәжірибесін ескере отырып, қауіпсіздік жүйесінің кейбір элементтерін жетілдіруге қатысты болды. Бұл ретте автодромның жалпы тұжырымдамасы мен инфрақұрылымына қатысты елеулі ескертулер айтылған жоқ.

Чави Пужолар кешеннің заманауи ерекшеліктеріне де тоқталды. «Сокол» әлемдегі салыстырмалы түрде жаңадан салынған халықаралық автодромдардың бірі болғандықтан, мұнда жарыстарды ұйымдастырудың озық технологиялық шешімдері мен заманауи тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бар.

Кешеннің ұзындығы 4 495 метр болатын негізгі жарыс трассасын Формула-1 автодромдарын жобалауға маманданған әлемге әйгілі Tilke Engineers & Architects сәулет бюросы әзірлеген. Қазіргі уақытта автодром FIA Grade 2 халықаралық санатына ие. Ал кешенді одан әрі дамыту жоспары инфрақұрылымды бұдан да жоғары деңгейге дейін жаңғырту мүмкіндігін қарастырады.

Чави Пужолардың сапары Қазақстанда ірі халықаралық автоспорт жарыстарын өткізу перспективаларын зерделеу бағытындағы сараптамалық жұмыстың кезекті кезеңі болды. Формула-1 саласында мол тәжірибе жинақтаған мамандарды тарту «Сокол» спорттық-техникалық кешеніне тәуелсіз кәсіби баға алуға және алдағы даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Сапар соңында Чави Пужолар кешен ұжымына алдағы жұмыстарына табыс тілеп, Қазақстанда автомобиль және мотоцикл спортын дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.

Тегтер: «Сокол» автодромБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстанФормула-1
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Два золота и два рекорда: казахстанцы отличились на Азиатских Параиграх

Екі алтын, екі рекорд: Қазақстан спортшылары Азия Пара ойындарында топ жарды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Дана Альсеитова: Жапонияның Айти өңірі мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы екі...

Төрехан Сабырхан Қазақстанға бокстан 12 жылдан кейін Азиада алтынын әкелді

Төрехан Сабырхан Қазақстанға бокстан 12 жылдан кейін Азиада алтынын әкелді

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сабырхан Иордания өкілі Зейяд Ишаишпен кездесті. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен...

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сметов жапониялық Хаято Кондомен кездесті. Шешуші белдесуде Жапония өкілі жеңіске жетіп,...

Қазақстанда өтетін болашақ FIA жарыстары Боракайдағы конгресте талқыланды

Қазақстанда өтетін болашақ FIA жарыстары Боракайдағы конгресте талқыланды

Жандос Жантаев
30 Қыркүйек, 2026

Боракайда СТК «Сокол» басшылығының атынан Дастан Ибрагимов FIA президенті Мохаммед Бен Сулайеммен кездесті. Тараптар Қазақстанда FIA аясында...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz