Елімізде несие алушылар азайған. Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге үш жарым миллионнан астам несие рәсімдеген. Бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 процентке төмен. Тіпті өткен жылдың сәуір айынан бері ең төменгі көрсеткіш. Ал қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.
Мереке күндері 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді
Наурыз мейрамы мерекелік концерттермен және бұқаралық іс-шаралармен өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген....