Оралда қызғаныштан кісі өлтірген ер адамға үкім шықты.
Қайғылы оқиға мамыр айының соңында Теректі ауданының Чаган кентінде болған. 32 жастағы ер адам бұрынғы жұбайының үйіне келіп, оны өз інісімен бірге отырған жерінен көреді. Қызғаныштан туған жанжал соңы қанды оқиғаға ұласып, күдікті әйелге пышақпен 19 рет соққы жасаған. Інісі жарақат алып, қашып құтылған.
Алқабилердің қатысуымен өткен сотта ер адам «Айрықша қатыгездікпен кісі өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот шешімімен ол моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Марқұм мен сотталғанның үш баласы бар екені белгілі болды. Қазір балалар ана тарапынан атасы мен әжесінің қамқорлығында.








