Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Өскеменде көшені жарықтандыру жобасы бойынша 320 млн теңге жымқыру ісіне үкім шықты

Жандос Жантаев
18 Желтоқсан, 2025
Зерттеу
A A
Өскеменде көшені жарықтандыру жобасы бойынша 320 млн теңге жымқыру ісіне үкім шықты

фото: скриншот

WhatsappTelegram

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы Батырбаев Д.Б. мен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Сот оларды бюджет қаражатын жымқыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру фактілері бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Sona.kz afm_rk-ға сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, 2019 жылы Өскемен және Семей қалаларында «Көше жарығы жүйелерін жаңғырту» жобасы іске асырылған. Аталған жоба ескі жарық шамдарын энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыруды көздеген және электр энергиясын үнемдеу мен жарық сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылған.

Алайда тергеу барысында жоба аясында жабдықтар мен атқарылған жұмыстардың құны негізсіз түрде арттырылғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 320 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында акционерлік қоғамның бұрынғы басшысы сенімді тұлғаның атына жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеген. Аталған компания жалған шарттар арқылы ақшаны қолма-қол айналдыру үшін қосалқы мердігер ретінде пайдаланылған.

Сот үкімімен Батырбаев Д.Б., Халитов Ю.Г. және Папышев Н.Т. 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.

Қылмыстық табысқа сатып алынған мүлік, оның ішінде тұрғын үйі бар жер учаскесі мен автокөтергіш техника мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларжымқыруӨскемен
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Күйік асуындағы жол жөндеу сметасы тексеріліп, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды

Күйік асуындағы жол жөндеу сметасы тексеріліп, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Жамбыл облысындағы тасжол учаскесін жөндеу кезінде жол жабынын бекітуге арналған материалдың бағасы сметада негізсіз көтерілген. Жамбыл көлік...

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот қаулысының күшін жоюды сұрады

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот қаулысының күшін жоюды сұрады

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Сот Жамбыл облысының бұрынғы әкімін ауыр сырқатына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы қаулы шығарды. Прокуратура...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқыру дерегі тергеліп жатыр

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқыру дерегі тергеліп жатыр

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Тергеу дерегінше, 37 жаңбырлату машинасы жеткізілмеген, бірақ актілерде техника толық жеткізілді деп көрсетілген. Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан...

Шалқарда мектептің үш бухгалтері 82 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Шалқарда мектептің үш бухгалтері 82 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Шалқарда мектептің үш бухгалтері 82 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды Бас бухгалтер сегіз жылға, қалған...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz