Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Қарағандыда 100 млн теңгелік қаржы пирамидасы анықталды

Дана Альсеитова
4 ноября, 2025
Зерттеу
A A
Қарағандыда 100 млн теңгелік қаржы пирамидасы анықталды

фото: ҚМА

WhatsappTelegram

Қарағанды облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «Үміт Самғау» атты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, аталған компания өз қызметін қайырымдылық қоры ретінде көрсетіп, жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді мақсат еткенін мәлімдеген. Алайда іс жүзінде жоба қаржы пирамидасы болып шыққан.

Азаматтарға 300%-дан 800%-ға дейін пайда түсіретін түрлі «салым» түрлері ұсынылған. Шарт бойынша, салым көлемі неғұрлым жоғары болса, кіріс те соғұрлым көп болады делінген.

Тергеу барысында төлемдердің нақты экономикалық қызмет есебінен емес, жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асқаны анықталды.

Ұйымдастырушылар жүйені кеңейту үшін туыстары мен таныстарын «дроппер» ретінде тартқан. Олардың банктік есепшоттары арқылы қатысушылардың ақшасы қабылданып, әрі қарай үлестірілген.

Нәтижесінде 400-ден астам азамат зардап шегіп, жалпы келтірілген залал 100 млн теңгеден асты.

Соттың санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға және жоғары табыс уәде ететін платформаларға сенбеуге шақырады.

«Кез келген жобада заңдылық пен лицензияның бар-жоғын тексеру маңызды. Қаржы пирамидасын ұйымдастыру – қылмыс, ал оған қатысу қаржылық шығын мен заң алдында жауапкершілікке әкеледі», – деп ескертті құзырлы мекеме.

Тегтер: «Үміт Самғау»Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚарағандыҚаржы пирамидасы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақмола прокуратурасы мәдениет үйінде заңсыз жалақы есептеуді анықтады

Ақмола прокуратурасы мәдениет үйінде заңсыз жалақы есептеуді анықтады

Дана Альсеитова
19 декабря, 2025

Ақмола облысының прокуратурасы Астрахан ауданы мәдениет үйінде жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына...

Шымкентте «3 в 1» кофесінің жасырын цехі жабылды

Шымкентте «3 в 1» кофесінің жасырын цехі жабылды

Дана Альсеитова
18 декабря, 2025

Шымкент қаласында құқық қорғау органдары заңсыз «3 в 1» кофеін өндіретін жасырын цехті анықтады. Өндіріс қарапайым гаражда...

Өскеменде көшені жарықтандыру жобасы бойынша 320 млн теңге жымқыру ісіне үкім шықты

Өскеменде көшені жарықтандыру жобасы бойынша 320 млн теңге жымқыру ісіне үкім шықты

Дана Альсеитова
18 декабря, 2025

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы Батырбаев Д.Б. мен өзге де...

В Атырау продолжаются поиски пропавшего охотника Сабирова Утебая

Атырауда жоғалған аңшы Сабиров Утебайды іздеу жұмыстары жалғасуда

Дана Альсеитова
18 декабря, 2025

Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, еріктілер және қала мен жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу барысында тікұшақ,...

Қатысты жаңалықтар

Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

20 декабря, 2025
Атырауда жоғалған аңшының іздеуі аяқталды

Атырауда жоғалған аңшының іздеуі аяқталды

19 декабря, 2025
Қарағандыда TikTok-стример бопсалау мен қоқан-лоққы туралы мәлімдеді

Қарағандыда TikTok-стример бопсалау мен қоқан-лоққы туралы мәлімдеді

19 декабря, 2025
Два человека погибли, выпрыгнув из окон одного ЖК в Астане

Астанада бір тұрғын үй кешенінде бір күнде екі адам қаза тапты

19 декабря, 2025
Сотта Айзат Жуманованың жарақат алған сәті бейнеленген видео көрсетілді

Сотта Айзат Жуманованың жарақат алған сәті бейнеленген видео көрсетілді

19 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz