2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 356 мың жеке кәсіпкер тіркеуден шықты. Осы кезеңде бюджетке 19,3 трлн теңге салық түсіп, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,2 пайызға өсті.
Бұл туралы Sona.kz Ulysmedia kz-кесілтеме жасап хабарлады.
Салық түсімінің өсуіне негізінен қосылған құн салығы әсер еткен. Аталған салық бойынша түсім 37,3 пайызға артқан.
Ал Қазақстанда өндірілген тауарлардан түсетін қосылған құн салығы 54,1 пайызға көбейген.
Сонымен қатар есептен шығарылған жеке кәсіпкерлер саны жаңадан тіркелгендерден едәуір көп болды.
Тоғыз айда елде 242,3 мың жаңа жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл тіркеуден шыққандар санынан шамамен 113,7 мыңға аз.
Серік Жұманғариннің айтуынша, жеке кәсіпкердің тіркеуден шығуы оның кәсібін толық тоқтатқанын білдірмейді.
Есептен шығарылған 356 мың кәсіпкердің 42,6 пайызы 2025 жылы табыс таппаған.
Ал 20,8 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне ауысып, қызметін жалғастырған.
Министр жаңа салық ережелерінің нәтижесінде 807 мың адамның алғаш рет салық есебіне тұрғанын да мәлімдеді.
Осылайша, жеке кәсіпкерлердің тіркеуден шығу көрсеткішіне кәсібін тоқтатқандармен қатар басқа салық режиміне ауысқандар да кірген.




