Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Қазақстанға Ресейден есірткі зертханаларын ұйымдастырды деген күдікті экстрадицияланды

Тергеу мәліметінше, күдікті Алматы мен өзге өңірлерде мефедрон өндірісін ұйымдастырған

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
Руководителя сети нарколабораторий экстрадировали в Казахстан из России
WhatsappTelegram

Қазақстанға Ресейден мефедрон өндіріп, таратумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікті экстрадицияланды. Алматыдағы жасырын зертханалардың бірінде екі адам химиялық заттан уланып, қаза тапқан.

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті Алматы мен еліміздің басқа өңірлерінде психотроптық заттарды өндіру және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.

Ол 2021 жылдан бастап қаржылық қиындыққа тап болған адамдарды заңсыз жұмысқа тартып отырған.

Топ мүшелері психотроптық заттарды дайындау, тасымалдау, қаптау және тарату жұмыстарын атқарған.

Ал олардың әрекетін ұйымдастырушы Telegram мессенджері арқылы қашықтан үйлестірген.

2024 жылы оның нұсқауымен Алматыда бірнеше жасырын есірткі зертханасы жабдықталған.

Солардың бірінде психотроптық заттарды өндіру кезінде екі адам ауыр химиялық уланудан көз жұмған.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұл жағдайдан кейін де заңсыз өндіріс тоқтамаған. Қылмыстық әрекетке жаңа адамдар тартылған.

2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің жұмысын тоқтатты.

Тінту барысында 24 келіден астам химиялық зат, арнайы жабдықтар, қорғаныс құралдары және дайын өнім табылған.

Ал қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікті 2025 жылғы шілдеде Ресей аумағында ұсталған.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктіге тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілей отырып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оның кінәсі сотта анықталуы тиіс.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстанРесейЭкстрадиция
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы үйқамаққа алынды

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы үйқамаққа алынды

Жандос Жантаев
13 Қазан, 2026

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторынан босатылып, үйқамаққа жіберілді. Сот күдіктіні тергеу изоляторына қамауға санкция...

Астанада есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелері 16 және 17 жылға сотталды

Астанада есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелері 16 және 17 жылға сотталды

Жандос Жантаев
13 Қазан, 2026

Астанада Telegram желісіндегі интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне сот үкімі шықты. Топты ұйымдастырушы...

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА тексеру нәтижесін жариялады

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА тексеру нәтижесін жариялады

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі сотталған Перизат Қайраттың туыстарына тиесілі Дубайдағы пәтерлер туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомство жылжымайтын...

«Әпкесі сүйіп, шешіндірді»: екінші сынып оқулығындағы әңгіме ата-аналардың наразылығын тудырды

«Әпкесі сүйіп, шешіндірді»: екінші сынып оқулығындағы әңгіме ата-аналардың наразылығын тудырды

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Қазақстанда екінші сыныптың әдебиеттік оқу пәніндегі «Әкеммен ұрыс» әңгімесі жаңартылған оқу бағдарламасына енгізілмеді. Шығармадағы кейбір көріністер мен...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz