Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Қостанайда әйелін және енесін өлтірген ер адамға 19 жыл жаза тағайындалды

Сот отырысы жеке өмірге қатысты болғандықтан жабық режимде өтті

Жандос Жантаев
5 Қараша, 2025
Оқиғалар
A A
Қостанайда әйелін және енесін өлтірген ер адамға 19 жыл жаза тағайындалды

фото: m.5-tv.ru

WhatsappTelegram

Қостанайда 45 жастағы Виталий Логуновқа үкім шықты. Ол биыл шілде айында өз жұбайы мен енесін өлтірген, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

Оқиға Қарабалық ауданының ауылдарының бірінде болған. Тергеу дерегінше, айыпталушы 39 жастағы әйеліне және 74 жастағы енесіне пышақ жарақатын салып, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ер адамды полиция кейіннен қансырап жатқан күйінде қорадан тапқан.

Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алған соң қамауға алынған.

Сот процесі жеке өмірге қатысты жайттарға байланысты жабық өткен.

Мемлекеттік айыптаушы 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған, алайда сот орташа қауіпсіздік мекемесінде 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сонымен қатар, моральдық зиянды өтеу жөніндегі азаматтық талап толық қанағаттандырылған, бірақ нақты сома жарияланбады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: 19 жылБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚостанай
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қостанай облысындағы ауылда ер адамға қасқыр шабуылдады

Қостанай облысындағы ауылда ер адамға қасқыр шабуылдады

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Оқиға 22 қараша күні кешке Ақкөл ауылында болды. Зардап шеккен ер адам Арқалық өңірлік ауруханасына ауыстырылды. Қостанай...

Қызылордада жігітке пышақ жарақатын салды деген күдікті қамауға алынды

Қызылордада жігітке пышақ жарақатын салды деген күдікті қамауға алынды

Жандос Жантаев
23 Қараша, 2026

Полиция қылмыстық іс қозғады. Threads-тегі жазба авторының айтуынша, жігіт екі қызға араша түскен кезде жараланған. Қызылордада Нұралла...

Алматыда веложолға шыққан жүргізушіге хаттама толтырылды

Алматыда веложолға шыққан жүргізушіге хаттама толтырылды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Алматыда кешкі қарбалас кезінде жеңіл көлік велосипед жолына шығып кеткен. Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады....

Ақтөбеде мектептің бұрынғы бас бухгалтері 57,9 млн теңге жымқырғаны үшін алты жылға сотталды

Ақтөбеде мектептің бұрынғы бас бухгалтері 57,9 млн теңге жымқырғаны үшін алты жылға сотталды

Жандос Жантаев
9 Қараша, 2026

Ақтөбедегі № 48 мектептің бұрынғы бас бухгалтері бюджеттен 57,9 млн теңге жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz