QazNews24 сатиралық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы — әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздыру бойынша іс қозғалды. Ол 2 айға қамауға алынған болатын. Түрмеде отырған Темірлан Еңсебек хат жазды.
«Сатира қылмыс емес! Мен экстремист емеспін! Мен заңның 20-бабын жүзеге асырдым. Мен қылмыскер де емеспін! Конституцияның менің құқығымды қорғауын талап етемін. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қайда? Мен не үшін отырмын?! Құқықтық мемлекетте әзіл үшін абақтыға жаппайды!», – деп жазды ол.
Алайда полицияның мәліметінше, Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларына қатысты емес екен. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздық қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материал жариялау болған.