Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен осы соттың судьясы Серік Бертай пара алу ісі бойынша әрқайсысы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
ҰҚК мәліметінше, Әбдіқалықов пен Бертай 2026 жылғы қаңтарда ұсталған. Олар ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.
Іс бойынша тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізді.
18 қыркүйекте сот екеуін де сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
ҰҚК жариялаған ақпаратта параның нақты мөлшері және ақшаның қандай әрекет үшін берілгені туралы өзге мәліметтер айтылмаған.




