Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге кірді

Жандос Жантаев
13 Шілде, 2024
Қазақстан жаңалықтары
A A
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге кірді
WhatsappTelegram

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен қызылжарлықтар жаңа үйлерге қоныстануын жалғастыруда, деп хабарлайды Sona.kz kazinform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгін 49 отбасы жаңа үйлердің иесі атанды. Осылай су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 200 жаңа тұрғын үй салынып, кілттері табыс етілді. Жоспарланған 700 үйдің 500-інде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, бұл үйлер қыркүйек айына дейін аяқталады.

Айта кететін жәйт, су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйлердің құрылысына 1,5 мың құрылысшы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, зардап шеккен өңір тұрғындарына екінші нарықтан 621 баспана сатып алынды.

Бескөл ауылының тұрғыны Айман Ғайнуллинаның үйі су тасқынынан кейін апатты деп танылды. Қазір комиссияның барлық кезеңдері артта қалды, ауыл тұрғыны отбасымен бірге жаңа үйде алғашқы қонақтарды қарсы алуға дайындалуда.

«Біздің жаңа қонысымыз өзімізге қатты ұнайды. Бұл жерде адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, жаңа үйде өзіміздің жеке бау бақшамыздың болатындығы қатты қуантады», — деді Подгора ықшамауданындағы тұрғын Юлия Малявко.

Сәйкесінше, Бірлік ауданының тұрғыны Аубәкіровтер отбасы су тасқынынан кейінгі мәселелердің тез, оңтайлы шешілгендігі үшін алғыстарын білдірді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

— 700 үй салу — 200 аяқталды;

— 1329 үй сатып алу — 621 сатып алынды;

— 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу — 949 аяқталды.

Тегтер: Су тасқыны
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттайды

Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттайды

Жандос Жантаев
24 Қараша, 2026

Beeline тарифтерін орта есеппен 10 пайызға, Kcell мен Activ 10–12 пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Tele2 мен Altel...

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартуды жоспарлап отыр

Жандос Жантаев
24 Қараша, 2026

Операторлар 3G базалық стансаларын 4G стандартына көшіріп, қалалар мен ауылдарда 5G желісін кеңейтіп жатыр. Қазақстанда 3G желісін...

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртайдың туыстары оның қайтыс болар алдында жатақханада соққыға жығылған болуы...

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Қаржылық модель Отбасы банкпен әзірленіп жатыр, алайда қатысушылар қатары кеңеюі мүмкін. Қазақстанда алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz