Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

Тергеу ісі эксгумациядан кейін «кісі өлтіру» бабына қайта дәрежеленді

Дана Альсеитова
5 декабря, 2025
Зерттеу
A A
Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

фото: dzen.ru

WhatsappTelegram

Талдықорғанда Айзат Жуманованың өліміне қатысты сот отырысында жаңа деректер жарияланды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Арман Шариповтың айтуынша, қылмыстық іс эксгумация жүргізілгеннен кейін ҚК 106-бабы, 3-бөлімінен 99-баптың 1-бөліміне  «Адам өлтіру» бабына қайта дәрежеленген.

Адвокаттың сөзінше, эксгумация нәтижелері қылмыстың сипатын қайта қарауға мүмкіндік берген. Ол оқиға орнында қан іздерінің болмауын және марқұмның ауруханаға жеткізілген кездегі дене жағдайы мен таза киімінің арасындағы сәйкессіздікті атап өтті. Сондай-ақ ол сотталушының Айзат Жуманованы ауруханаға жеткізу әрекетін «құтқаруға талпыныс» ретінде қарастыруы мүмкін екенін, алайда қыздың сол сәтте қайтыс болып қою ықтималдығы туралы да айтты.

Сот барысында сотталушы Айбар Жанболаттың әкесі Қайрат Тоғызбаев куә ретінде жауап берді. Оның айтуынша, сол түні үйіне Айбар Айзатты көтеріп кірген. «Болмай қалды…» деп айтқанын жеткізді. Кейін Айзатты ауруханаға Айбардың анасы Алма және отбасының көршісі Нұрсұлтан Ноғайбеков алып кеткен.

Куәгер Нұрсұлтан Ноғайбеков оқиға орнынан шамамен 100 метр жерде тұратынын айтты. Айбар кешкі 11 шамасында келіп, Айзаттың есінен танып қалғанын, көмектесуін сұрағанын жеткізген. Ол Айзаттың бетін киіммен жапқанын, қан немесе жарақаттың сыртқы белгілерін байқамағанын, бірақ қыздың ауыр тыныс алғанын айтты.

Ауруханаға бара жатқанда олардың көлігі Суықсай ауылы маңында дөңгелегі тесіліп қалған. Осы жерде олар көлікті ауыстырып, Айзаттың екі жасар қызын қалдыруға мәжбүр болған. Кейін Жансүгіров ауылындағы ауруханаға барғанымен, ол мекеме жөндеуде болған. Бұл шамамен 30 минутқа созылған.

Содан кейін Талдықорғанға жол тарту туралы шешім қабылданған. Ноғайбековтің айтуынша, жол шамамен 40 минутқа созылып, олар түнгі екіге таяу медициналық мекемеге жеткізген.

Тегтер: Айзат ЖумановаБасты жаңалықтарБасты оқиғаларсот
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

Айзат Жұманованың ауруханаға түскен кездегі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді

Дана Альсеитова
5 декабря, 2025

Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысында оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен мамандар жауап берді. Олардың айтуынша, қыз...

Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды

Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды

Дана Альсеитова
5 декабря, 2025

Талдықорғандағы сот отырысында Айзат Джуманованың өліміне қатысты іс бойынша куәгер Татьяна Чебатырёва түсінік берді. Оның айтуынша, қайғылы...

Прокурор: Айзат Жұманованың денесінен сүйрету іздері де, жүктілік белгілері де табылмады

Прокурор: Айзат Жұманованың денесінен сүйрету іздері де, жүктілік белгілері де табылмады

Дана Альсеитова
5 декабря, 2025

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық істің басты сот талқылауы...

Прокурор: Айзат Жұманованың денесінен сүйрету іздері де, жүктілік белгілері де табылмады

Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс: сотта марқұмның анасы жауап берді

Дана Альсеитова
5 декабря, 2025

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық істің қаралуы жалғасып жатыр....

Қатысты жаңалықтар

Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

Айзат Жұманованың ауруханаға түскен кездегі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді

5 декабря, 2025
Алматыда бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнын тастап кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнын тастап кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

5 декабря, 2025
Қазақстанда автоматтандырылған ҚҚС бақылауы енгізіледі

Қазақстанда автоматтандырылған ҚҚС бақылауы енгізіледі

5 декабря, 2025
Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды

Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды

5 декабря, 2025
Өскемен: жаяу жүргінші жолында әйелді жүк көлігі қағып кетті

Өскемен: жаяу жүргінші жолында әйелді жүк көлігі қағып кетті

5 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz