Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

Тергеу ісі эксгумациядан кейін «кісі өлтіру» бабына қайта дәрежеленді

Жандос Жантаев
5 Желтоқсан, 2025
Зерттеу
A A
Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

фото: dzen.ru

WhatsappTelegram

Талдықорғанда Айзат Жуманованың өліміне қатысты сот отырысында жаңа деректер жарияланды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Арман Шариповтың айтуынша, қылмыстық іс эксгумация жүргізілгеннен кейін ҚК 106-бабы, 3-бөлімінен 99-баптың 1-бөліміне  «Адам өлтіру» бабына қайта дәрежеленген.

Адвокаттың сөзінше, эксгумация нәтижелері қылмыстың сипатын қайта қарауға мүмкіндік берген. Ол оқиға орнында қан іздерінің болмауын және марқұмның ауруханаға жеткізілген кездегі дене жағдайы мен таза киімінің арасындағы сәйкессіздікті атап өтті. Сондай-ақ ол сотталушының Айзат Жуманованы ауруханаға жеткізу әрекетін «құтқаруға талпыныс» ретінде қарастыруы мүмкін екенін, алайда қыздың сол сәтте қайтыс болып қою ықтималдығы туралы да айтты.

Сот барысында сотталушы Айбар Жанболаттың әкесі Қайрат Тоғызбаев куә ретінде жауап берді. Оның айтуынша, сол түні үйіне Айбар Айзатты көтеріп кірген. «Болмай қалды…» деп айтқанын жеткізді. Кейін Айзатты ауруханаға Айбардың анасы Алма және отбасының көршісі Нұрсұлтан Ноғайбеков алып кеткен.

Куәгер Нұрсұлтан Ноғайбеков оқиға орнынан шамамен 100 метр жерде тұратынын айтты. Айбар кешкі 11 шамасында келіп, Айзаттың есінен танып қалғанын, көмектесуін сұрағанын жеткізген. Ол Айзаттың бетін киіммен жапқанын, қан немесе жарақаттың сыртқы белгілерін байқамағанын, бірақ қыздың ауыр тыныс алғанын айтты.

Ауруханаға бара жатқанда олардың көлігі Суықсай ауылы маңында дөңгелегі тесіліп қалған. Осы жерде олар көлікті ауыстырып, Айзаттың екі жасар қызын қалдыруға мәжбүр болған. Кейін Жансүгіров ауылындағы ауруханаға барғанымен, ол мекеме жөндеуде болған. Бұл шамамен 30 минутқа созылған.

Содан кейін Талдықорғанға жол тарту туралы шешім қабылданған. Ноғайбековтің айтуынша, жол шамамен 40 минутқа созылып, олар түнгі екіге таяу медициналық мекемеге жеткізген.

Тегтер: Айзат ЖумановаБасты жаңалықтарБасты оқиғаларсот
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығару схемасына қатысқан бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл...

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Абай облысының Аягөз ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға физикалық және психологиялық зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды....

КНБ пресек попытку организовать протесты нефтяников

ҰҚК мұнайшылар наразылығын ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлескен операция жүргізіп, мұнайшылардың жаппай наразылығын ұйымдастыруды жоспарлаған...

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Көкшетауда есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратты деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Полиция одан 2,5...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz