Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Телефоннан ақша аударған азаматтардың бәрі салық төлей ме?

Мобильді аударымдар – кәсіпкерлердің емес, жеке тұлғаларға арналған құрал.

Тоғжан Төлеген
9 января, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Ақтаудағы қыздың өлімі: прокуратура сотқа аппеляциялық шағым түсірді
WhatsappTelegram

Жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына салық салынбайды. Азаматтардың есепшотына 3 ай қатарынан 100 түрлі тұлғадан аударым түссе ғана Салық комитеті бақылауға алады. Бұл ретте түскен қаржының мөлшері маңызды емес. 

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістері әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы айтып берді.

«Мобильді аударымдар – кәсіпкерлердің емес, жеке тұлғаларға арналған құрал. Оларға салық салынбайды. Бірақ кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару үшін мобильді көп пайдаланып кетті. Сондықтан салықтан жалтарғандарды анықтап, олардың кірісіне салық төлеуді міндеттеу және кәсіппен айналысса да, тіркелмей жүргендерді дара кәсіпкер ретінде тіркету мақсатында мобильді аударымдарды бақылаймыз», – деді ол.

Салық комитетінің өкілі 3 ай қатарынан 100 аударым емес, 100 түрлі адамнан аударым түссе ғана тексеру жүретінін атап өтті.

«Мәселен, жеке адамның каспиіне қаңтар айында 100 түрлі адам, ақпанда да 100 адам, наурыз да да 100 тұлғадан ақша аударылса ғана назарға ілінеді», – деді Ерсайын Көптілеуұлы.

Алайда Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары 255 мың теңге шек әлі заңмен бекітілмегенін мәлімдеді. Бұл – Қаржы министрлігінің ұсынысы. Комитет өкілі 255 мың теңгенің қайдан шыққанын түсіндіріп өтті.

«Бізде Кәсіпкерлік кодексінде 12 ең төменгі жалақы деген түсінік бар. 12 ең төменгі жалақыдан төмен табыс тапсаңыз, сіз дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылысыз. Ал енді 255 мыңға келсек, бұл – үш айдағы ең төменгі жалақы. Бір жылда 12 ай бар деп есептесек, 3 ай бойынша ең төменгі жалақы көлемі 255 мың болады. 2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. 3-ті 85 мыңға көбейтсеңіз 225 мың болады», – деді.

Салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлер қолма-қол ақшаға көшіп жатыр. Салықтан жалтарған кәсіпкерлерге алдымен ескерту беріледі, ал екінші рет қайталанса, 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Тегтер: Ақша аударуБасты жаңалықтарБасты оқиғаларМемлекеттік Кірістер комитетіМобильді аударым
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В Казахстане увеличили НДС до 16%: Токаев подписал новый Налоговый кодекс

Қазақстанда ҚҚС 16% болды: Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды

Дана Альсеитова
18 июля, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне және салық саласына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізетін ілеспе заңға қол...

Салмағы 870 грамм сәби Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан шығарылды

Салмағы 870 грамм сәби Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан шығарылды

Дана Альсеитова
17 июля, 2025

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында ерекше жағдай орын алды: дәрігерлер салмағы небәрі 870 грамм болатын шала туылған нәрестенің...

КНБ усиливает борьбу с коррупцией: создана новая спецслужба

ҰҚК құрамында жаңа құрылым пайда болды: жемқорлармен күрес күшейеді

Дана Альсеитова
17 июля, 2025

Жаңа құрылым жеке заңды тұлға ретінде тіркеліп, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. Қызметтің негізгі міндеті — жемқорлық...

Экс-глава антикоррупционного ведомства Талгат Татубаев арестован по делу о пытках

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев қамауға алынды

Дана Альсеитова
14 июля, 2025

Талғат Татубаев азаптау ісі бойынша екі айға қамауға алынды. Бұл туралы KazTAG ақпарат агенттігі сенімді дереккөзге сілтеме...

Қатысты жаңалықтар

Автомобиль загорелся на парковке жилого дома в Астане: пострадавших нет

Астанада тұрғын үй жанында көлік өртенді: зардап шеккендер жоқ

18 июля, 2025
Сүйген адам қол көтермейді: Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

Сүйген адам қол көтермейді: Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

18 июля, 2025
Сакен Мамаш осуждён на 6 лет: экс-дипломат признан виновным в систематическом насилии над супругой

Сакен Мамаш 6 жылға сотталды: экс-дипломаттың тұрмыстық зорлығы сотта дәлелденді

18 июля, 2025
В Казахстане увеличили НДС до 16%: Токаев подписал новый Налоговый кодекс

Қазақстанда ҚҚС 16% болды: Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды

18 июля, 2025
Қапшағайда 17 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 гидроцикл тәркіленді

Қапшағайда 17 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 гидроцикл тәркіленді

18 июля, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz