Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Елімізде жергілікті өкілді органдар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шешім Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультациялардан кейін қабылданған.
Ақорда мәліметінше, консультациялар Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабы 5-тармағына сәйкес жүргізілді.
Президент Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, әзірлеу және өткізу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Осылайша, шешім еліміздің барлық өңіріндегі жергілікті өкілді органдарға қатысты.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Кезектен тыс сайлаудың нақты күні әзірге хабарланған жоқ.




